«Astana Arlans» кәсіпқой бокс клубы мен Қытай елінің «China Dragons» командасы арасындағы жекпе-жектің 60 келі дәрежесінде Әлімжан Бескемпір Фенг Ву Ю-ға қарсы тұрды. Командасы жеңіліп жатқандықтан қытайлық айдаҺар шаршы алаңда барын салып жұдырықтасуға тырысты. Дегенмен Әлімжан оның шабуылдарына қарымта қайтарып, мысын басуға тырысты. Шабуылдарын үдетіп, қарсыласының адымын аштырмады. Бұл жекпе-жек төрешілердің шешімімен Бескемпірдің уысында кетті.