Жалпы қоғамда, жергілікті басылымдар мен теледидарда, үлкен маңызы бар жиындарда, қылмыстың осы бір түрі, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жүргізу, оның алдын алу, болдырмау шаралары жөнінде кем айтылып жүрген жоқ.
Осы тұрғыда проблеманы шешудің жолын тек құқық қорғау органдарының міндеті деп түсінбей, қоғам және адам болып бірлесе күш салу арқылы да шешу қажеттігі айтылуда.
Дегенмен, сыбайлас жемқорлық көріністері көбіне жоғарғы лауазымды және оған сәйкес табыс деңгейі бар тұлғалар тарапынан да орын алып жататындығы жасырын емес.
Мұның дәлелі ретінде, 2018 жылдың 10 қаңтарындағы, мемлекет басшысы Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың, «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Жолдауының 9 бағытында, «Жемқорлықпен күрес және заңның үстемдігі» туралы айтыла келе, соңғы 3 жылда аталған қылмыс түрімен 2 500 жоғарғы лауазымды шенеуніктер мен мемлекеттік компаниялардың басшылары жемқорлығы үшін, қылмыстық жауапкершілікке тартылып, сотты болғандығы, олардан мемлекет пайдасына 17 миллиард көлемінде келтірілген залал өндірілгендігін атап өтті.
Сондықтан, бүгінгі күні бүкіл әлем Төртінші өнеркәсіптік революция дәуіріне, технологиялық, экономикалық және әлеуметтік саладағы терең және қарқынды өзгерістер кезеңіне қадам басып келе жатқандығын, жаңа технологиялық дәуірде, біздің азаматтық құқықтарымызды қалай іске асыратынымыз, жаңа өзгерістерге сай, бала тәртбиесін түбегейлі өзгерту, жақандық өзгерістер мен сын-қатерлерге дайын болу үшін «Қазақстан 2050» стратегиялық бағдарламасын қабылдағанымызды, алдағы уақытта дамыған 30 елдің қатарына кіруді мақсат етіп, 100 нақты қадам –Ұлт жоспарын жүзеге асырып жатқандығымыз, қазіргі уақытта Ұлт жоспарының 60 қадамы толығымен орындалғандығын атап көрсетті.
Бұл ретте, қолданыстағы Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл» туралы заңының үстемдігінде айта кету қажет. Аталған заң, тұлғалардың жоғарғы лауазымдық дәрежесіне қарамастан жүзеге асырылуда, яғни лауазымды тұлға, өзінің өкілеттігін жеке басының мүддесі үшін пайдалана отырып, материалдық немесе ақшалай сый ақы көру мақсатында жасауы, осы аталған заңның 1 бабында көрсетілгендей, сыбайлас жемқорлық деп түсіндіріледі.
Сыбайлас жемқорлық дегеніміз құқық бұзушылық, бұл үшін заңда әкімшілік немесе қылмыстық жауаптылық белгіленген.
Мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаев «Қазақстан-2050» стратегиясы – қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Жолдауында, сыбайлас жемқорлық жай құқық бұзушылық емес екендігін қатаң ескертіп, оған қарсы мемлекет пен қоғам жұмыла күресуі керектігін айта келе, «Жемқорлық-мемлекеттің тиімділігіне деген сенімді сетінетеді және ұлттық қауіпсіздікке төнген тікелей қатер болып саналады. Біздің түпкі мақсатымыз – жемқорлықты құбылыс ретінде жою үшін жемқорлыққа қарсы заңнамаларды жетілдіру арқылы, жемқорлықпен күресуді қатты күшейтуіміз керек» -деген болатын.
Жолдаудың тағы бір басым бағыты, бұл азаматтардың конституциялық құқықтарына кепілдікті нығайту, құқық үстемдігін қамтамасыз ету, құқық қорғау қызметін ізгілендіру жұмыстарын жалғасытру болып табылады.
Қоғамда, бұл қылмыс түрімен күрес жүргізу, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті, ақпараттық және ұйымдастырушылық сипатта қалыптастыру жолымен, жүзеге асырылуы тиіс деп санаймын.
Жамбыл облысы бойынша
Соттар әкімшісінің ішкі қауіпсіздік
және соттардағы сыбайлас
жемқорлықтың алдын алу бөлімінің
бас маманы Қалмаханов Бақыт Әбітайұлы