Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифинг барысында Жамбыл облысы әкімддігінің энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы басшысының орынбасары– Н.Тілегенов, «Таразэнергоорталық» АҚ-ның вице-президенті–Е.Шарипов, «Таразтрансэнерго» МКК директоры – Е.Көшербаев ақпарат берді.
Н.Тілегенов сөзіне сүйенсек, Казақстан Республикасының (СН РК 2.04-21-2004 Азаматтық ғимараттардың электр тұтынуы мен жылу сақтауы) санитарлық нормаларына сәйкес Жамбыл облысы бойынша жылыту маусымы 2018 жылдың наурыз айынның 31-нен сәуір айының 1-не қараған түні 00.00 сағатында, сыртқы ауаның орта-тәулік температурасының тұрақты +8 С болуына байланысты тоқтатылды.
Жылыту маусымның ұзақтығы 176 тәулік құрады, норматив бойынша 164 тәулік болу керек.
Энерготұтыну жүйелерінің жылыту маусымына дайындығы бойынша бекітілген ұйымдыстыру-техникалық іс-шараларына сәйкес 16 мен 29 сәуір аралығында жылу желілерін жөндеу және алдын-ала гидравликалық тексеру жұмыстары жүргізіледі.
Тараз қаласының тұрғындарын ыстық сумен жабдықтау 30 сәуір мен 16 маусым аралығында жүргізіледі. Ағымдағы жылы «Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарлмас аясында М-2 (Қойгелді-Қажымұқан көшелері қиылысынан Ниетқалиев көшесіне дейінгі алқапта), М-4 (Абай-Дулати көшелері қиылысынан Комратова көшесіне дейінгі алқапта), Абай даңғылындағы түйісуі (Абай даңғылы бойында, Төле би көшесінен Дулати көшесіне дейінгі алқапта) жылу желілерін қайта жаңғырту жұмыстары басталады. Белгіленген кестелерге сәйкес қаланың кейбір бөліктерінде жөндеу жұмыстары аяқталған сон, ыстық су беріле бастайды.
«Таразэнергоорталық» АҚ-ы ыстық сумен 472 көп қабатты тұрғын үйдің тұтынушыларын қамтамасыз етеді.
«Жамбыл-Жылу» МКК-ны бойынша РК-1 жылу көзі тарапынан 30 сәуірден 29 қыркүйекке дейін 83 көп қабатты тұрғын үйлеріне: «Қаратау» мөлтек ауданы, «Қарасу» мөлтек ауданы, «Қарасу» массиві, «Сахпоселок» массиві тұтынушыларына ыстық сумен жабдықтау жұмыстары жоспарлануда. Тұтынушыларды жылыту маусымына қосу үшін 29 қыркүйек пен 15 қызын аралығында тоқтатылады.
«Теміржол-Жылу» МКК-ны Байзақ батыр көшесіндегі «Газовая» қазандығанан 19 көп қабатты тұрғын үйлерін ыстық сумен жабдықтау жұмыстары жоспарлануда.
Бүгінгі күнге, отын энергетика кешені мекемелерінің тарапынан жазғы маусымда өткізілетін жөндеу жұмыстары мен іс-шаралар жоспары жасалып, бекітілген,- деп сөзін түйіндеді спикер.