«Президенттің бес әлеуметтік бастамасы» атты халыққа үндеуі халықты әлеуметтік қолдау көрсету тұрғысынан ғана емес, сонымен бірге елдің экономикалық өсуін де шешуге мүмкіндік береді. Депутаттардың тұтас тобы өңірлерді аралап, азаматтарға ел Президентінің бастамаларының мәнін түсіндіріп берді.
Жамбыл облысы, Меркі ауданында ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары Байділдә Жылқышиев, Әбдіманап Бектұрғанов, Марат Бопазов және Жанат Омарбекова «Бахор» шаурақожалығы мен «Сыпатай» ЖШС-нің ұжымымен кездесті.
-Елбасымыздың бастамалары мемлекеттің әлеуметтік саясатының негізгі нүктесіне айналды,-деді Мәжіліс депутаты Жылқышиев.Сонымен қатар, біз бұл бастамалардың тиімді іске асуы азаматтарымыздың әл-ауқаты байланысты екенін түсінуіміз керек. Егер де мемлекетеміз тағы бір маңызды міндет әлемдегі ең дамыған 30 елдің қатарына енетін болса, онда біз халықтың өмір сүру деңгейін айтарлықтай арттыра аламыз.
Осы бастамаға сәйкес халыққа шағын несие беру айтарлықтай артады. Бұл жұмыссыз азаматтарға өз орнын тауып, өз кәсібін ұйымдастыруға көмектеседі. Әсіресе ауыл тұрғындарына қатысты. Бүгінде кәсіпкерліктің дамуына барлық жағдайлар жасалуда, ал болашақта бұл сала экономиканың локомотивіне айналады,-деп айтып өтті Меркі ірімшік зауытының ұжымымен кездесу барысында Марат Бопазов.
Сонымен қатар, депутаттар оқытудың жаңартылған мазмұнын ауыстырған мұғалімдердің лауазымдық жалақыларын 30 пайызға арттыратындығын атап өтті. Мұғалімдердің жалпы санынан 68 пайызы бұл өсімді қамтамасыз етеді. Біліктілік сынақтарын өткеннен кейін, олардың лауазымдық жалақысы қосымша 50 пайызға артады. Мемлекеттік қызметкерлерге сыйақы берудің жаңа жүйесіне көшу білім беру саласындағы жалақыны 29 пайызға, денсаулық сақтауды 28 пайызға көтеруге, сондай-ақ әлеуметтік қызметкерлердің жалақысын 40 пайызға, стипендияларды 25 пайызға арттыруға мүмкіндік берді. 2017 жылдың шілдесінен бастап базалық зейнетақының өсуі мен оның индекстелуіне байланысты орташа зейнетақы 2017 жылға қарағанда 37 пайызға артады. Депутаттардың пікірінше, мемлекеттің әлеуметтік саясаты сол қалпында жалғасады.
Атап өтерлік жайт барлық кездесулер өте қызықты форматта өтті.
Депуттар кәсіпорындар пен шаруақожалықтарды аралап, кездесулер барысында аталған өзекті мәселелер мен ұсыныстарды тыңдады. Кездесу соңында шаруақожалықтар мен зауыт басшылары Елбасымызға, үкімет пен партяға өз алғыстарын білдірді.