Төле би атындағы №8 гимназиясының директор қызметіне Әлішер Әзімбайұлы Әзімбай тағайындалды деп хабарлайды «TURANINFO.KZ» ақпараттық агенттігі.
Әзімбай Әлішер Әзімбайұлы 1986 жылы Жамбыл облысы Жамбыл ауданында дүниеге келген. Білімі жоғары. Ұлты қазақ. 2009 жылы А.Ясауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университетін «Тарих» мамандығы бойынша үздік дипломмен бітірген. 2011 жылы Тараз инновациялық-гуманитарлық университетінің магистратурасын үздік аяқтаған. Тарих ғылымдарының магистрі. 2009-2012 жылдары Тараз қаласы Төле би атындағы №8 гимназиясында тарих пәнінің мұғалімі, 2012-2015 жылдары Төле би атындағы №8 гимназия директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары, 2015-2017 жылдың қарашасына дейін Төле би атындағы №8 гимназия директорының бейінді оқу ісі жөніндегі орынбасары, 2017 жылдың қараша айынан 2018 жылдың наурызы аралығында Төле би атындағы №8 гимназия директорының уақытша міндетін атқарушы, 2018 жылдың 4 сәуірінен бастап Төле би атындағы №8 гимназия директоры болып тағайындалды. «Ұлағатты ұстаз» төсбелгісінің иегері. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министірінің Алғыс хатымен марапатталған. Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігінің Дін істері комитетінің Құрмет грамотасымен марапатталған. «Нұр Отан» партиясы Жамбыл облыстық филиалы төрағасының Құрмет грамотасымен марапатталған.