Ұлыстың ұлы күні Əз Наурыз қарсаңында Жамбыл облысы əкімдігінің мəдениет, архивтер жəне құжаттама басқармасының Жамбыл облыстық филармония өнерпаздары Тараз қаласындағы «SMALL», «SULPAK» (2 орында), «Себет» (2 орында), «Аристократ» сауда орындарында, «Нұрислам» дүкенінде, үлкен дәріханаларда жұртшылықты Наурыз мерекесімен құттықтап, халықтың ортасында ежелден бүгінге жеткен дəстүрлі халық əндерін орындап, бұқараның көңіл күйін көтерді. Өздерінің сəн-салтанатымен, əуезді əндерімен ел аузында жатталып бүгінге жеткен əн мұрамыздағы есті əндерді орындаған əншілер шаһар тұрғындарының ыстық ықыласына бөленді. Ер азаматтар жағы ертедегі Сал серілерді еске түсірсе, бүрмелі етек көйлек киіп əн салған əнші қыздар нағыз қазақ аруларының келбетін көрсетті. Қала жұртшылығы өнерпаздардың бұл талабына таңдай қағып, қосылып əн шырқады. Қазыналы қарттарымыз баталарын беріп, ризашылықтарын айтты. Мереке қарсаңында елге осындай керемет көңіл күй сыйлаған филармония өнерпаздарына алғысымыз шексіз. Бұл игі іс батыстың əндеріне еліткен жастарымыздың санасын бір уақыт төл өнерімізге бұратыны белгілі. Қай кезеңде де ұлттық музыканың бəсі биік болатыны осы бір мағыналы да мазмұнды шарадан байқалғандай.
Сондай-ақ, қалалық мәдениет үйінің әншілері «Атакент», «Қайқармет», «SMART», «SULPAK» сауда орындарында өнер көрсетті.
Ал құттықтау сөз жазылған аудиожазбалар 12, 30, 32, 40, 47, 55 бағытымен қатынайтын жолушылар көліктерінде, Орталық базарда, «Атакент» сауда орнында, темір жол вокзалында, халыққа қызмет көрсету орталықтарында айтылып, халыққа мерекелік көңіл күй сыйлауда.