Таразда болған атыс салдарынан екі адам жарақаттанып, ауруханаға түскен. Бұл ақпаратты №1 қалалық аурухана дәрігерлері растап отыр, деп хабарлайды «TURANINFO.KZ» ақпарат агентігі 24.kz-ке сілтеме жасап.
Дәрігердің айтуынша, оқ екеуінің де аяғына тиген. Оқиға қаладағы дәмханалардың бірінде болғанға ұқсайды. Бір топ жігіт шотты төлеуден бас тартып, тыңдамастан шығып кетпек болған. Осы кезде даяшылар амалсыз күзет шақыртыпты. Куәгерлер сөзінше, дәмханадан шыққан бір топ жігіт күзет қызметкерлерімен төбелескен дейді куәгерлер.
Алайда ІІД әзірге нақты ештеңе айтпай отыр. Облыстық ішкі істер департаменті істің ақ-қарасын бағдарлап, ресми ақпаратты дүйсенбі күні беруге уәде етті.
Дәрігерлер, «жарақат алғандарың біреуі 5-ші, ал екіншісі 7-ші шағын ауданда «белгісіз біреулер атып кетті» деп түсінік берді», – дейді. Қаза тапқандар бар-жоғы белгісіз.