Рио Олимпиадасының күміс жүлдегері Елдос Сметов Екатеринбургтегі «Grand Slam» турниріндегі жеңісін жаңа туылған сәбиіне арнады деп хабарлайды «TURANINFO.KZ» ақпараттық агенттігі.
Екатеринбургтегі жарысқа Рио Олимпиадасының күміс жүлдегері Елдос Сметов 60 келіде жеңіске жетті. Елдос жарыста тәжік Мерзод Суфиевті «иппонмен», «Пеленің» отандасы Эрик Такабатакенің кем «шидомен», француздық Валиду Хьяруды «иппонмен» жеңді. Финалда ресейлік Ислам Яшуевтен айласын асырды. Сметовтың осы жылдағы алғашқы жарысы. Қазіргі таңда отандасымыз өз салмағында (60 кг) IJF рейтингінде 32-орында тұр.
Айта кетерлігі, ағымдағы жылдың 23 ақпан күні Елдос әке атанды. Нәрестесінің есімін Мәриям деп қойыпты. Екатеринбургтегі жарыстың финалдық белдесуінен кейін Сметов «қол тербетуді» көрсеткен болатын.