Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 31 желтоқсандағы № 922 қаулысымен бекітілген «Нұрлы жер» тұрғын үй құрылысы бағдарламасы аясында, «Бірыңғай құрылысшымен» 205 жеке тұрғын үй соғылып біткеннен кейін, осы үйлер кезекте тұрған азаматтарға «Жилстройсбербанк» АҚ-ы арқылы берілетін болады.
Кезекте тұрған азаматтарға «Нұрлы жер» тұрғын үй құрылысы бағдарламасы бойынша 3 түрлі үйдің жобасы ұсынылып, ары қарай «Жилстройсбербанк» АҚ-ы төлем қабылеттілігін анықтау жұмыстарын жүргізеді.
Осыған байланысты Тараз қаласы әкімдігінің жер қатынастары бөлімінің тарапынан, «Жилстройсбербанк» АҚ-на кезекте тұрған азаматтардың тізімі 2018 жылдың 12 қаңтарында № 78 шығыс нөмірімен хат жолданған.
Тараз қаласы әкімдігінің жер қатынастары бөлімімен бұқаралық ақпарат құралдарына, нақты айтқанда облыстық «Ақ жол» газетінің 2018 жылдың 10 ақпандағы № 17 санды нөміріне мемлекеттік және ресми тілдерінде, Сүлейменов көшесінің соңындағы алқапта осы бағдарламаға бойынша соғылатын тұрғын үйлерді кезек ретімен алып қатысу үшін хабарландыру жіберілді.
Сонымен қатар, 2018 жылдың 9 ақпанындағы жер учаскелеріне құқық беру жөніндегі комиссия отырысында тағы да 300 жеке тұрғын үй құрылысын жүргізу үшін рұқсат берілген.
Тараз қаласы әкімдігінің жер қатынастары бөлімінің басшысы Б. Сүгірбеков