Судьялар ардагерге құрмет көрсетті

Тараз қаласы №2 сотының сотының ұжымы «Алғыс айту күніне» орай соғыс ардагерімен кездесті
Бүгін Тараз қаласы №2 сотының төрағасы Н.Жамашов, судья Н.Дауылбаев және соттың мемлекеттік қызметкерлері сот саласының құрметті ардагері Бұжықов Мұхан Төлебайұлының шаңырағына барып, сұхбаттасып қайтты.
Бұжықов Мұқан Төлебайұлы 1926 жылы Алматы облысы, Шілік ауданында дүниеге келген. 1944 жылы ҰОС-на қатысып,1946 жылы соғыстан оралған. 1948 жылы Алматы мемлекеттік заң институтына түсіп, 1952 жылы заң саласындағы қызметін бастап кеткен. Көп жыл Тараз қаласындағы Халық сотты басқарып, облыстық адвокаттар алқасының төрағасының орынбасары болған.
М.Бұжықов мемлекет тарапынан көптеген медаль, грамоталармен марапатталған. 1986 жылы Қазақ СССР Жоғарғы Кеңесінің Президиумының құрмет грамотасымен, сол жылы облыстық адвокаттар алқасының Президиумының құрмет грамотасымен марапатталған. 1998 жылы республикалық адвокаттар алқасының Құрмет Грамотасымен, сондай-ақ 2008 жылы «Кәсібіне адал» марапаты мен медалімен марапатталған. Қазіргі таңда өз халқының құрметті азаматы.
Ардагер М.Бұжықов соғыстағы қиындыққа толы өмірі мен заң саласында атқарған қызметтері жайлы айтып берді. Сондай-ақ жастарға өз жұмыстарына адал болып, ел үшін аянбай еңбек ету керектігін айтып, ақ батасын берді.
Кездесу соңында төраға Н.Жамашов, ардагерді келе жатқан «Алғыс айту күнімен» құттықтап оған Қазақстан Республикасына сіңірген еңбегі үшін алғысын айтып, зор денсаулық тіледі.


Оқи отырыңыз

Пікір қалдыру

Пікір қалдыру
X