Спорт нысандары тек бюджет есебінен ғана салынбауы қажет
Мемлекеттік бюджет есебінен қаржы алатын спорттық нысандардың халықтың барлық санатына қолжетімді болуы шарт. Биылғы жылы бюджет есебінен 6 спорт нысанының құрылысы аяқталып, қолданысқа беріледі. Дегенмен, елді мекендерде спорт нысандарын салу мәселесі тек бюджет есебінен ғана шешілмеуі тиіс. Мысалы, мемлекеттік -жекешелік әріптестік бойынша « Шу қаласында орналасқан дене шынықтыру- сауықтыру спорт кешеніне сервистік қызмет көрсету» жобасы іске асырылуда. Осындай жұмыстарды барлық аудандарда ұйымдастыруға болады.
Елбасы ұсынған «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасы тұтас қоғамның және әрбір қазақстандықтың санасын, рухани әлемін жаңғыртуға бағытталған.
2017 жылы өңірде «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында жалпы құны 1,1 млрд теңгеге жобалар мен іс-шаралар ұйымдастырылады. Биылғы жылы 64 жоба және 37 іс-шара өткізуге 2,7 млрд. теңге қарастырылған. Оның 2,4 млрд теңгесі меценаттар есебінен болса, 336 млн. теңгесі жергілікті бюджет есебінен жүзеге асырылмақ.
Фото Алтынбек Қартабай