Қазіргі таңда кәсіптік одақтар қызметкерлер өмірінде үлкен рөл атқарады. Кәсіподақтар қызметкерлер құқықтары мен мүдделерін сақтауға ерекше кепілдердің бірі болып табылады. Түрлі-деңгейдегі кәсіптік одақтар еңбек және әлеуметтік қатынастармен байланысты, түрлі салалардағы олардың ұсынуы мен қорғауын қамтамасыз етеді және қызметкерлер мүдделерін қалыптастырады. Осы салада аймақ бойынша атқарылып жатқан жұмыстар барысын Жамбыл облысы аумақтық кәсіподақтар бірлестігі төрағасы МейрамбекТөлепберген сұрап білген едік.
– Мейрамбек Мылтықбайұлы, бүгінгі қоғамдағы кәсіподақ қандай болуы керек?
– Жалпы, кәсіподақтың мүшесі болу арқылы жастар өз құқығын қорғауға, отанға, елге, жұртқа қызмет етеді. Негізінен, қазіргі қоғамға керек болып жатқан дүниенің бірі жастарды еріншек, жалқаулық деген жаман қасиеттерден аулақ етудің бір-ақ жолы бар. Ол – саналы жастарды, елге тұтқа болатын тамаша жандарды идел ретінде кәсіподақ өзі көтеріп алуы керек. Міне, мен алдыңғы толқынды айтып отырған жоқпын. Алдыңғы толқынға рахмет айтуымыз керек. Енді қазіргі қоғамды алға сүйрейтін жастар болуы керек. Сондықтан олар – идеал адамдардың қатарынан болу қажет. Яғни, кәсіподақ ұйымының азаматы нағыз қазақстандық, Абайша айтқанда толыққанды адам болу шарт.
– Қазіргі таңда кәсіподақ ұйымы өзінің орнын жоғалтты, орны жоқ. Былайша айтқанда, ол ұйым оларға жаңа жылда жақсы сыйлық алу үшін ғана керек. Одан кейін оның ақшасы қайда десең ешкім есеп бермейді, ашықтық жоқ.
– Міне, бұл үлкен мәселе. Үкіметтік емес ұйымдардың бір ерекшелігі – олардың ревизия комиссиясы бар. Бізде осы мәселені көтеріп, кәсіподақ ұйымының аппаратына бір басқаратын адамның болуын талап етудеміз. Мәселен, территориялық аумақта осы бірлестікке Бауыржан Қоңырбаев деген жігіт келді. Шынын айту керек ол жігіттің бірлестікке қалай келгендігінен хабарсыз екенмін. Сұрастыра келгенде, оның еңбек еңбек инспекциясында жұмыс істегенін, сосын еңбек қорғау және қауіпсіздік деген сынды дүниелерге бейімделгенінбілдім. Сондай-ақ ол бұрын зауытта жұмыс істеген екен. Осылайша ол кәсіподаққа келген. Бірақ бұрын соңды кәсіподақ ұйымында еш уақытта жұмыс істеп көрмеген. Бір айта кететін жайт, бұрындары кәсіподақта 31 жастағы азамат жұмыс істеп көрген емес. Яғни, аталған ұйымда тек қана зейнеткерлер еңбек еткен.
– Ал енді неге қазіргі таңда салалық кәсіподақтарда зейнетке шыққан адамдар жұмыс істейді?
– Менің субективті пікірім ретінде айта кетейін, кеңес дәуірі кезінде кәсіподақ ұйымына кірген адам райком, обкомда істеп жарамай қалғандар кіретін болған. Яғни, кәсіподақ ұйымы кәдімгі жазалау мекемесі сияқты болып қалған. Бүгінде сол сарын әлі де бар. Меніңше, ол жерде ұзақ отыра беру керек. Себебі, олардың заңы бойынша жастық шектеулік жоқ. Бірақ халыққа салалық кәсіподақ болсын, бастауыш ұйымы болсын оған төрағалық ететін адам демократиялық лайықты адам болуы қажет. Егер лайықты адам сайланбай қалса кәсіподақтың беделі өзінен-өзі түсетін болады. Екінші жағынан ұжымдық шарт деген бар. Ол да кәсіподақ ұйымына жұмыс беруші мен жұмысшының арасында дәнекер болады. Мысалы, жалақысын бір жылдың ішінде 5 пайыз немесе 10 пайыз көтеруге міндеттісің деген талап ете алады және оны талап ету керек. Ал бізде олай емес қой. Әрине жақсы өндірістерде, мәселен «КАЗФОСФАТ» ЖШС-ін айтайық, Жамбыл облысындағы ең алып химия өндірісі. Алты- жеті мың адам жұмыс істейтін солар ұжымдық шартты елден бұрын жасайды. Өйткені, оның басшысына да байланысты. Мұқаш Ескендіров ҚР Еңбек ері, мәслихат депутаты беделді адам. Өзінің ұжымы үшін жанын салатын адам. Бүгінде ол спорт комплексін салып жатыр, оған кетіп жатқан қаржы ұжымның ақшасы ғой. Айналып келгенде, кәсіподақ ұйымы оларда шын мәнінде оларда белсенді .
– Өткен жылы «Тараз» футбол клубынан 6 ұпайын алып қойды. Оның себебі бір ойыншысы жаттығу жиындары мен ойындарға уақытылы келмеген. Яғни, шартты бұзып, оның 7 айлық ақшасын қысқартқан. Дегенмен, футболшылардың құқығын қорғайтын ұйым футболшының арызын қанағаттандырып, командадан 6 ұпайды шегеріп тастады. Ал қарапайым жұмысшылардың құқығын қорғайтын жоқ. Мәселен, оны жұмыстан шығарып жіберсе онда оған 2 айлық 3 айлық конфенцасия ешкім бермейді.
– Жалпы, Еңбек инспекциясы сенім сертификаты дегенді береді. Оны кәсіпорын иесіне берген кезде оған кәсіподақ жетекшісі қол қояды. Мысалы, бізде бірлестіктің төрағасы ретінде мен қоямын. Сол кезде мен талабымды алға тартамын. Егер сенім сертификаты бар болмаса, ол адамның жұмысы тоқтап қалмайды. Бірақ жұмыскерлер арасында ол адамның абыройы да болмайды. Ертең ол түрлі конкурстарға қатысуы мүмкін. Сонда оған сенім сертификаты қажет болады. Бұл жерде ең бастысы ұжымдық шарт жасай ма басқа жасай ма соны даярлауға кәсіподақ ұйымы қатысады. Бірақ жұмыскерлер арасында бірінші кәсіподақ ұйымы міндетті түрде тұрады және еңбек дауы туған жағдайда міндетті түрде болады. Егерде кәсіподақ ұйымы болмай қалатын жағдай болса, бұл жерде қиындық туады. Ол кәсіподақ ұйымының мүшесі емес. Мен өздігімнен бара алмаймын.
– Өткен жылы Байзақ ауданындағы «Құс фабрикасында» еңбек дауы туындады. Ол мәселе заң жағынан көтерілді. Сол кезде кәсіподақтың бірінші болып алға шығып, жұмысшылардың құқығын қорғау керек еді. Дегенмен ондағы жұмысшылар БАҚ арқылы өз мәселесін көтерді. БАҚ-қа шығуының себебі кәсіподаққа сенімсіз. Расында, енді алдағы уақытта қандай жерде еңбек дауы шығуы мүмкін?
– Еңбек дауы – еңбек шартын жасамай жұмыс істеушілердің арасынан шығады. Жекелеген шағын және орта бизнестер өте көп. Мәселен, сіз бен біз барып жүрген тойханаларда қызмет көрсетіп жатқан даяшылардың барлығы оқу орындарының студенттері немесе мектептің 11 ші сынып оқушылары. Бұл жерде заң бұзылып тұр ма, бұзылып тұр. Жасыратын жоқ олардың түннің бір уағына дейін жүріп алатыны бар-жоғы екі мың теңге ғана. Осылайша, олар таксилетіп таксимен үйіне қайтады. Бұл түптің түбінде жақсылыққа алып бармайды. Біздің өңірде мейрамханалар мен жолаушыларды тасымалдайтын кәсіпкерлерде кәсіподақ ұйымының болуы шарт. Ал ол жақтарда жұмысшылардың құқығын қорғайтын ешқандай ұйым жоқ. Сондай-ақ ол жерлерде жұмысшылар күнбе күн ауыса береді. Тұрақты жұмыс істеп жүргендердің өзі жұмыс берушімен еңбек шартын жасаспаған да болуы мүмкін. Яғни, мұнда еңбек жағдайы бір жақты жұмыс берушінің пайдасына ғана жұмыс жасап жүр. Жалпы жұмысшы мен жұмыс берушінің арасында ұжымдық шарт болуы тиіс. Сондықтан биылғы жылы кәсіподақ ұйымы «Еңбек шартын жасасыңыз» деген үлкен акция жасап отыр. Қазір жұмыспен қамту мәселесі Жамбыл облысында күрделі мәселе болып табылады. Мемлекет басшысының өзі үлкен сынап, ескертпе жасады. Оның себе неде?! Мәселен, 540 мың адамның 227 мыңдайында ешқандай статус жоқ. Оның ішінде 50 мың адамның қайда екенінде білмейді. Себебі адамды жұмыс істеткен кезде еңбек шартын жасамайды. Оның зардабын сол адамның өзі көреді. Жалпы адам 50 жасқа дейін еңбекке жарауы мүмкін. Жалданып жұмыс істейтіндердің осы жастан кейін күш қайраты қайтуы да мүмкін ғой. Одан кейін оны кім қарайды медбике қарамаса. Сақтандыру компаниясына бір тиын төлемесе оны кім қарайды? Ертең жедел жәрдем келген кездеде сіздің медициналық сақтандыруыңыз бар ма,-деп сұрайды. Егер жоқ болатын болса оларда заңнан аттап кете алмайды. Көрдіңіз бе?! Осыны халыққа түсіндіру қажет. Біз айтып отырған кәсіподақ ұйымына жергілікті ұйымдардың барлығын жұмылдыру керек. Әсіресе, жалданып жұмыс істейтін, базарда тұрған адамдарды қамтуымыз керек деп ойлаймын. Неге базарда тұрақты отырған адам бар 365 күннің кемінде 360 күнін жұмыс істеуі мүмкін. Өйткені оларда еңбек шарты жасалмайды! Олар жалға алып отырады контейнерін немесе орнын алып азық-түлігін немесе басқада заттарын сатып отырады. Ал ол адамды ешкім де қорғамайды. Ертең ол жерде оқыс оқиға орын алса, жұмыс беруші жауап бермейді. Ол үшін кім жауап беру керек? Өкінішке орай ешкім жауап бере алмайды. Өйткені жұмыс беруші оған жауап берем деген жоқ, танымаймын деп құтылып кетуі де мүмкін. Былайша айтқанда, ол іске ешкім араласа алмайды. Еңбек инспекциясына арыз түскен соң сең қозғалады. Оның өзі өздігінен қозғала салмайды. Себебі құқық қорғау органдары ғана зардар шегушінің құқығын ғана қорғайды. Жалпы, әр адам – жұмыс жасап отырған жерінде өзінің құқығын қорғайтын ұйымның болғанын ойластыруы керек.
– Мейрамбек Мылтықбайұлы өзіңіз мәслихат депутатысыз. Бүгінде ауыл шаруашылық саласына үкіметтен субсидияға миллион, миллиярдап ақша бөлініп жатыр. Мысалы, Шу ауданында мемлекеттен 45 миллион теңге алатын жеке серіктестіктің жұмысшыларға төлейтін айлығы 31 мың теңге. Сол секілді, көлік жүргізушінің алатын айлығы осыншама болса, ал кондуктордікі 24 мың теңге. Бұл дегеніміз ең төменгі жалақыдан сәл ғана жоғары ғана. Сондай-ақ олар күнделікті жоспарды орындамаса жұмысшының айлығы қысқартылады екен.
– Оны заңдастыру керек. Кәсіподақ ұйымының негізі ерікті түрде құрылады. Бірақ сіз айтып отырған проблеманы көріп отырып көзді жұмып отыруға болмайды. Оны шешетін жолдарын іздеу керек. Ең бастысы, жұмыс берушінің арасында заңдық тұрғыда түсіндіру керек. Өткен жылы облысымызда ауылшаруашылығына он екі миллиард субсидия бөлінді. Енді осы қаражат бөлінген жерлерде қанша адам жұмыс істейтіндігін білу қажет. Мың қойды бір адам бақпайтыны белгілі ғой. Оның артында кемінде 4-5 адам жүреді. Ал енді неге ол жерде онда еңбек шарты бекітілмейді?! Миллион, миллардтап субцидия беріледі. Ал оны кім тексеріп жатыр. Оны алған адамға да еңбек шарты керек. Мемлекеттің ақшасына бала бақша салынса да, жұмыс орындары ашылады. Сол бір ауысымның өзінде өзінде жүздеген құрлысшы жұмыс істеуі мүмкін. Солардың бәріне еңбек шарты жасалып, салық төленуі керек. Бірақ бізде барлығы басқаша. Сырттан әкелінетін күштердің барлығын жасырып, жабуға тырысамыз. Осы арқылы мемлекеттік тәртіпті бұзып отырмыз. Кәсіподақ ұйымының негізгі жұмысы – осы тәртіпті сақтау. Еңбек құқығын қорғау арқылы тәртіпті сақтау болып табылады. Біздікі қоғамдық ой-сана, негізгі міндет бастамаларды қолдау. Осы арқылы еңбек шартын қорғау. Айналып келгенде кәсіподақ ұйымы мемлекетті қорғап тұр. Мемлекеттің заңын жүзеге асырып тұр. Негізінен, кәсіподақ ұйымы демокртиялық тұрақты және өзінің даму бар қоғамдық ұйым. Онда еліміз бойынша 2 млн 800 мыңдай мүшесі бар. Ал сол 2 млн 800 мыңдай адам осы біздің Қазақстан Федерациясы кәсіподақтар федерациясына қарайды.
– Енді алдағы уақытта орталық кәсіподақ пен салалық кәсіподақтың арасындағы қарым-қатынас түзеле ме?
– Түзеледі. Мәселен, мұғалімдердің ақшасының барлығын облыстық мектептер өндіріп жатыр. Ал енді бұл жерде неге зейнеткерлер жинақталып қалған деген ол – үлкен сұрақ. Сол сұрақты шешу үшін көптеген ойлар пікірлер айтылып жатыр.
TURANINFO.KZ