007 cынды мемлекеттік нөмірлер 548 340 теңге тұрады

2018 жылғы 1 қаңтардан бастап «Салық және бюджетке басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 25 желтоқсандағы Кодексі (Салық кодексі) күшіне енгізілді, оның 615-бабына сәйкес мыналарды бергені үшін мемлекеттік баж ставкалары:
автомобильге 010, 020, 030, 040, 050, 060, 070, 077, 080, 090, 707 санды белгілері бар мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгілері (бұдан әрі — МТНБ) 57 АЕК-ні;
автомобильге 010, 020, 030, 040, 050, 060, 070, 077, 080, 090, 707 санды белгілері бар бірдей әріптік белгілерімен МТНБ – 114 АЕК-ні;
автомобильге 100, 111, 200, 222, 300, 333, 400, 444, 500, 555, 600, 666, 700, 800, 888, 900, 999 санды белгілері бар МТНБ – 137 АЕК-ні;
автомобильге 100, 111, 200, 222, 300, 333, 400, 444, 500, 555, 600, 666, 700, 800, 888, 900, 999 санды белгілері бар бірдей әріптік белгілерімен МТНБ – 194 АЕК-ні;
автомобильге 001, 002, 003, 004, 005, 006, 007, 008, 009, 777 санды белгілері бар МТНБ – 228 АЕК-ні;
автомобильге 001, 002, 003, 004, 005, 006, 007, 008, 009, 777 санды белгілері бар бірдей әріптік белгілерімен МТНБ – 285 АЕК-ні;
автомобильге (001, 002, 003, 004, 005, 006, 007, 008, 009, 010, 020, 030, 040, 050, 060, 070, 077, 080, 090, 100, 111, 200, 222, 300, 333, 400, 444, 500, 555, 600, 666, 700, 707, 777, 800, 888, 900, 999 санды белгілері бар мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгілерін қоспағанда) бірдей әріптік белгілерімен МТНБ – 57 АЕК-ні құрайды.
Бұл ретте Қазақстан Республикасы ІІМ 2014 жылғы 2 желтоқсандағы № 862 бұйрығына сәйкес көлік құралдары иелерінің қолда бар жоғары сұранысқа ие МТНБ тізбесіне (бұдан әрі – тізбе) қолжетімділігі тиісті ақпаратты ТЕБ пен Мемлекеттік корпорация үй-жайларында стендтерде және ақпараттық тақталарда, сондай-ақ ІІО-ның интернет-ресурстарында орналастыру жолымен ұйымдастырылады.
Көлік құралының иесі жоғары сұранысқа ие МТНБ-ның цифрлық және (немесе) әріптік белгіленуін таңдауға құқылы. Иесі жоғары сұранысқа ие МТНБ-ның цифрлық және (немесе) әріптік белгіленуін таңдаған көлік құралын тіркеу МТНБ дайындағаннан кейін жүргізіледі.
Ағымдағы жылдың қантар айында Жамбыл облысында 5-дана жоғары сұраныстағы МТНБ тапсырысқа берген.

ІІД Әкімшілік полиция басқармасының ЕТБ


Оқи отырыңыз

Пікір қалдыру

Пікір қалдыру
X