Танымал блогер Динара Сәтжан Халық Қаһарманы Ғазиз Байтасовқа құрмет көрсетті

Тараз қаласына республикаға белгілі журналист, блогер, танымал тележүргізуші Динара Сәтжан 2011 жылы қарашада террористі ұстау кезінде ерлікпен қаза тапқан, Халық Қаһарманы полиция капитаны Ғазиз Байтасовтың ескерткішіне гүл шоқтарын қойды.
Одан кейін, Жамбыл облысы ІІД-нің музей экспонаттармен танысып, «Құрметті қонақтарға» арналған пікірлер кітабына Жамбыл облысы ІІД қызметкерлеріне өзінің жылы лебіздері мен қолтаңбасын қалдырды.

— Жамбыл облысы Ішкі істер департаментінің жаңа музейімен танысу ең жағымды әсер етті. Әрине, мұндай тамаша мұражайлар жастарды және ІІД қызметкерлерін қазақстандық патриотизм рухында тәрбиелейді, өсіп келе жатқан ұрпақтың ішкі істер органдары қызметкерлерінің үлгі боларлық ерлігінің жалпы адамзаттық құндылықтарын бағалай білуде және құрметтеуде өзінің оң әсерін көрсетеді, — деп атап өтті Динара Сәтжан.

Это слайд-шоу требует JavaScript.

TURANINFO.KZ


Оқи отырыңыз

Пікір қалдыру

Пікір қалдыру
X