Депутаттар квест ойнады

Бүгін «Жамбыл облысы Жастар мәслихаты» жастар қоғамдық бірлестігі ұйымдастыруымен I,II және III шақырылым «Жас депутаттар» арасында квест ойыны өткізілді. Ойында Жастар мәслихатының 3 мектебі қатысты, яғни олар Тұрар Рысқұлов, Бауыржан Момышұл және Қаратай Тұрысов. Ойында 3 мектеп өзара жарысты және оларға қойылған басты талап Тараз қаласындағы Төле би көшесі бойындағы қойылған ескерткіштерге барып (тек жаяу жүріп немесе жүгіріп жүріп), сол ескерткіште топтасып суретке түсіп, тарихымен қоса инстаграм желісіне салу болды. Ойын 7 тапсырмадан тұрды. Олар:

1 — тапсырма: Тараз қаласында Отан қорғаушыларға арналған 11 ескерткіш бар. Соның ішінде Төле би көшесіндегі орналасқан ескерткішті табу, «Мәңгілік алау» монументі.
2 — тапсырма: Көне Тараз жеріндегі Еліміздің картасы белгіленген домалақ шардың орналасқан аумағын табу.
3 — тапсырма: 1966 жылы Жамбыл облысы, Мойынқұм ауданы, Бірлік ауылының тумасы Қайрат Рысқұлбековтың ескерткіші.
4 — тапсырма: Соғыс уақытында «Серігім», «Жазушыға», «Қалыбек аға», «Біреулерге», «Омарбекке», «Жардың мұңы», «Ғ-ға», «Ана тілін ардақта», «Досыма», «Толғау» атты өлеңдер жазған. Бауыржан Момышұлының ескерткіші.
5 — тапсырма: «Жеті жарғыны» жасаушылардың бірі, би болған тұлға. Төле бидің ескерткіші.
6 — тапсырма: (VІ-VІІ ғғ.) – Жетісу алқабындағы көшпелі тайпалар көсемі. Ақыл-парасатымен, ерлік істерімен елге ұйытқы болған тарихи тұлға. Қарашаұлы Бәйдібек ескерткіші
7 — тапсырма: Бүкіл өмірі, тағдыры Ұлы жүз елінің басшысы, қазақтың атақты биі — Төле бимен ажырата алмастай тығыз байланыста өткен қолбасшы. Қойгелді Сартұлының ескерткіші

Ойынның басты мақсаты: Әр мектептің ұйымшылдығын арттыру және ізденісін арттыру, талпынысын байқап Тараз қаласында бірі білсе, бірі білмейтін осындай әр ескерткіштердің тарихымен таныстыру.

Ойынның нәтижесі бойынша:
1 орын : Тұрар Рысқұлов мектебі
2 орын : Қаратай Тұрысов мектебі
3 орын: Бауыржан Момышұлы мектебі

TURANINFO.KZ


Оқи отырыңыз

Пікір қалдыру

Пікір қалдыру
X