Тараз қаласының әкімі Р.Дәулеттің 2017 жылдың қорытындысы бойынша қала тұрғындары алдында атқарылған жұмыстардың есебімен таныстық. Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың жариялаған «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласына сәйкес барлық бағыттар мен тапсырмаларды орындалғанын және орындалып жатқанын жете түсіндік. Өнеркәсіп, Ауылшаруашылық, Индустрияландыру, Сауда және шағын орта бизнесті дамыту сияқты басқада әр түрлі сала бойынша былтырғы жылы қала өмірінде өзгерістер болғаны белгілі. Сонымен қатар келешектің кейіпкері жастар десек, Елбасының баланың еңбектеген жасынан бастап, білім алуы, маман иесі болуы, отбасы құрып, жас отбасылардың қатарына еніп, кезекті үй алуы және т.б. арнайы бағдарламалары аясында да атқарылып жатқан істерде аз емес екені даусыз. Дәлірек айтсақ «Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасы аясында өткен жылы «Салтанат» мөлтек ауданында №30 орта мектептің апатты ғимаратын бұзып, орнына 1000 оқушыға арналған мектеп құрылысы аяқталып пайдалануға берілгені. Салауатты өмір салтын қалыптастыра отырып, спортпен шұғылдану мақсатында 511 спорт нысандары жұмыс атқаруда.
Сондай-ақ қала әкімдігі ішкі саясат бөліміне қарасты «Жастар ресурстық орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің маманы ретінде қаладағы мемлекеттік жастар саясатын жүзеге асыра отырып, жастардың бос уақыттарын тиімді өткізумен қатар әр түрлі бағыттағы кеңестер ұсыну, Елбасы жолдауларын насихаттау бағытындағы қоғам өміріне үлесімізді қосып келеміз. Баянды болашақты бүгіннен бастап, ел ертеңі үшін қаланың гүлденуі мен дамуы жолында игілікті істеріміз бен жалынды жігеріміз жандана берері белгілі жайт. Ол үшін саусақ бірікпей ине ілікпейді демекші Елбасымыз айтқандай, «Атқарылған істер аз емес, десекте бірге жалғастырайық».
Айбек Кадралиев,
Тараз қаласы әкімдігі ішкі саясат
бөлімінің «Жастар ресурстық орталығы»
КММ ұйымдастыру секторының
меңгерушісі