Шу қаласының әкімі неден сүрінді?

Бүгін Шу қаласының әкімі Бақытжан Мұхамеджанұлы Тұрғынбаев 2017 жылдың қорытындысы туралы халық алдында есеп берді. Есептi жиынға аудан әкімі Қайрат Досаев, мәслихат хатшысы Ержан Өмірәлиев, мүдделі мекемелердің басшылары, құқық қорғау органдарының өкілдері және қала тұрғындары қатысты.
— «Бүгінгі таңда тұрғын үй құрылысына жер теліміне кезекке қойылған азаматтар саны — 3250, оның ішінде биылғы жылы жеке меншік тұрғын үй салуға өтініш берген саны — 380 адам, оның 362 кезекке қойылды. Шу қаласы бойынша 8987 жеке тұрғын үй, 2591 пәтер бар, 5481 үй аумағы газ құбыры келіп тұр. Бүгінгі күнде қала бойынша, газ беруші компаниямен жеке тұлғалар арасында жалпы 2702, ал заңды тұлғалар арасында 96 келісім-шарттар жасалды. Олардың ішінде 2530 жеке тұрғын үйлер, сонымен қатар 90 заңды тұлға көгілдір отын көзіне қосылды. Мердігер компания «Брик-2007» қызметкерлері қатарынан менеджер арнайы агитациялық жұмыспен айналысуда. Газ жүйесіне қосылған үйлерге, әрі қарай қызметті «Қазтрансгаз-Аймақ» АҚ Шу газ шаруашылығы мекемесінің жұмысшылары бүгінгі күнде жұмыс атқаруда» — дедi қала әкімі.
Шу қаласының әкімінен кейін аудан әкімі Қайрат Әскербекұлы сөз алып, қалаға байланысты сүбелі жұмыстар жүргізілгендігін тiлге тиек етті. Аудан әкімінен кейін қала тұрғындары сөз алып, көкейлеріндегi сұрақтары мен ұсыныстарын жеткізуге мүмкіндік алды. Сұрақтардың ішінде қаланы газдандыру, санитарлық тазалық туралы мәселелер көтеріліп, тиянақты жауаптар берілді.
Бірақ қала тұрғыны Дина Қалдыбаева «Халық банкі жағынан аялдама жасап бере аласыздар ма? Бесінші автобус сағат 16.00-ден кейін жүрмейді»,- деді тұрғын. Оның бұл сауалына ауданның автобустарына жауапты «Ақжол-2000» ЖШС директоры Талғат Қақпанбаев жауап берді. Серіктестік басшысының сөзінше, №5 маршрут сағат 17.00-17.30-ға дейін жүреді екен. Тұрғындардың наразылықтары болса аталған мекеменің диспетчерлерiне хабарласуларына да мүмкіндік жасалып қойыпты. Сондай-ақ қала тұрғыны Несіпбай Тоқтыбаев билет алғанда чек бермейтінін айтып, аталған автопарктегі жағдай жаға ұстатанын, маршрут жүргізушілер мен кондукторлардың айлығы мардымсыз екенін жеткізді. Өз кезегінде олар наразылық білдірсе басшылары жұмыстан кет деп қоқан-лоққы көрсететін көрiнедi. Осындай мәселелерді көтерген тұрғын адам құқықтары жерге тапталып жатқанын жеткізді. Бұл мәселе бойынша жауап берген «Ақжол-2000» ЖШС директоры Талғат Натанұлы: «Бұл кісі маған осыған дейін келген. Оған чек бойынша түсіндіре кетсем, ол керек болса сұрау қажет. Ал негізі жолақы құнын 90-100 теңге көтеру керек» деді ол.
Қорыта келгенде Шу ауданының әкімі Қайрат Әскербекұлы қаланың жағдайын жіті бақылауында тұрғандығын және тұрғындардың әлеуметтік проблемаларынан хабардар екендігін байқатты. Бірақ сонда қала әкімі Б.Тұрғынбаев 10 қоғамдық қызметкерді жұмсаумен ғана отыр ма? Аялдамалардың орналасуы, қоғамдық көлік бағыттарын неге туралы айтпай отыр? Шешілуі тиіс мәселелерді неге көтермей отыр? Түсініксіз және түсіне алмадым.
Айта кетерлігі Қ.Досаев өзінің сөзінде «Асқар Исабекұлы» деп 5 рет айтып өтті және облыс әкімі келгенде кезде шешімі таппай жатқан көпқабатты үйлерді жөндеуге қаражат сұрағандығы туралы, «Жайсан 35/10» ЖШС қалаға жарық кіргізу керек еді, бірақ бұл мәселе шешілмей сотқа жолданып, сотты жеңіп 50 млн теңгеге айыппұл салынып, басшысы заңнан қашып жүргендігі туралы ашық айтып кетті.

Арнайы Шу қаласынан TURANINFO.KZ ақпараттық агенттігі.


Оқи отырыңыз

Пікір қалдыру

Пікір қалдыру
X