Бахтияр Артаев «Astana Arlans» бокс клубының бас менеджері болып тағайындалды

Бахтияр Артаев — 14 наурыз 1983 жылы Жамбыл қаласында дүниеге келді (Қазақ ССР). 2004 жылы бокстан Олимпиада чемпионы, Вэл Баркер Кубогінің иегері, Әлем чемпионатының екі дүркін қола жүлдегері (2005, 2007). Азия Ойындарының күміс жүлдегері, 7 дүркін Қазақстан чемпионы, Халықаралық дәрежедегі еңбек сіңірген спорт шебері.

Бақтияр Ғарифоллаұлы Артаев М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетін және Қазақ спорт және туризм академиясын тәмамдаған. 2014 — 2016 жж. Ұлыбританияда бизнес менеджмент курстарын аяқтаған. Қазіргі танда Қарағанды Экономикалық университетінде, экономика салысы бойынша жергілікті басқару мамандығының магистратурасына білім алуда.

2008 жылы Б.Артаев атындағы бокс сарайының директоры болып тағайындалды. 2008-2009 жылы Жамбыл облысы Жамбыл ауданы Айшабибі ауылдық округінің әкімі, 2009-2010 Жамбыл облысы туризм, дене шынықтыру және спорт басқармасының бастығы қызметіне атқарды.

2011 жылы — Жамбыл облысы әкімі аппараты басшысының орынбасары, 2012 жылы 24 желтоқсанда «Астана» президенттік кәсіби спорт клубының президенті, 2013 жылының қараша айында Дүниежүзілік бокс сериясы комиссиясының мүшесі болып тағайындалды.

2016 жылы желтоқсан айында «ТАРЛАН БАТЫРЛАРЫ» ЖШС-нің директоры.

Бақтияр Ғарифоллаұлы Артаев 1-ші дәрежелі «Барыс» орденімен марапатталған, «Дарын» сыйлығының иегері, Грекия республикасының құрметті азаматы, Тараз қаласының құрметті азаматы.

Айта кетейік, 2010 жылы «Astana Arlans» клубының бірінші бас директоры Болат Манкенов болған, одан кейін сол орынға Олимпиада чемпионы Серік Сапиев тағайындалды.


Оқи отырыңыз

Пікір қалдыру

Пікір қалдыру
X