«Депутаттық корпус» қылмыстық ұйымдасқан топтың басшысына қатысты қылмыстық іс сот өндірісіне түсті

«Депутаттық корпус» қылмыстық ұйымдасқан топтың басшысына қатысты қылмыстық іс сот өндірісіне түсті

Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің /1997 жылғы мәтіндегі/ 96-бабының 2-бөлігінің «ж, з» тармақтарымен (адам өлтіру, яғни адамдар тобымен алдын ала сөз байласу арқылы және пайда табу мақсатымен, сол сияқты жалданып басқа адамға құқыққа қарсы қасақана қаза келтiру), айыпталып сотқа берілген М.Ш.Тоқмадиге қатысты қылмыстық іс сот өндірісіне түсті.
Істің құжаттарына сәйкес, Алматы қаласының қылмыстық ортасының «беделі», сонымен бірге «Депутаттық корпус» қылмыстық ұйымдасқан топтың басшысы М.Ш.Тоқмади «Банк Тұран Әлем» АҚ-ы басқармасының бұрынғы төрағасы Е.Н. Татишевті өлтіргені үшін айыпталып отыр.
Аталған қылмыстық іс, «Төрелік» ақпараттық жүйесі арқылы судьяға қарауға автоматты түрде бөлінді.


Оқи отырыңыз

Пікір қалдыру

Пікір қалдыру
X