Жемқорлықпен күрес және заңның үстемдігі – Жолдаудың басым бағыты
Елбасының 2018 жылғы 10 қаңтардағы «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Қазақстан халқына Жолдауының тоғызыншы бағытында жемқорлықпен күресті және заңның үстемдігін атап өтті.
Осыған орай, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігімен Елбасының халыққа Жолдауының тоғызыншы бағытын ортаға сала отырып, үстіміздегі жылдың 26 қаңтарында сағат 11.00-де қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру және азаматтардың құқықтық сауаттылығын арттыру мақсатында «Жемқорлықпен күрес және заңның үстемдігі – Жолдаудың басым бағыты» атты жаппай республикалық біріңғай сағаты өткізілуде.
Осыған байланысты, Жамбыл облысы аумағында да мемлекеттік органдар мен мекемелерде, құқық қорғау органдарында, аудандар мен Тараз қаласының әкімдіктерінде, үкіметтік емес ұйымдар мен қоғамдық бірлестіктерде, этномәдени және діни ұйымдарда біріңғай сағаты ұйымдастырылды.
Өз кезегінде, ағымдағы жылғы 26 қаңтарда Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Жамбыл облысы бойынша Департаментімен облыс әкімдігінің білім басқармасында қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру және азаматтардың құқықтық сауаттылығын арттыру мақсатында «Жемқорлықпен күрес және заңның үстемдігі – Жолдаудың басым бағыты» атты біріңғай сағаты ұйымдастырылды.
Аталған іс-шара мемлекеттік органдардың, үкіметтік емес ұйымдардың, қоғамдық бірлестіктердің, дін саласының және БАҚ өкілдерінің қатысуымен өткізілді.
Айжан Мадимарова
ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Жамбыл облысы бойынша Департаменті