Мырзахметовтың баспасөз хатшысы тағайындалды

25.01.2017 ж. Тараз қаласы. Жамбыл облысы әкімінің баспасөз хатшысы тағайындалды деп хабарлайды «TURANINFO.KZ» ақпараттық агенттігі.
— «Бүгін Біржан Сартбекұлы Сөктай Жамбыл облысы әкімдігі баспасөз қызметінің жетекшісі болып тағайындалды.
Еңбек жолын 2003-шi жылы Мұхаммед Хайдар Дулати ат. Тараз мемлекеттік университетін бiтiргеннен кейiн Жамбыл облыстық телеарнасынан бастаған ол, бүгiнгi күнге дейiн түрлi БАҚ-да жемiстi жұмыс атқарды. Республикалық КТК, ОРТ Еуразия, МИР телерналарында шыңдалды. Атырау және Ақмола облықтық телеарналарында басшылық қызметтi де атқарды. Нұр Отан партиясының баспасөз қызметiнде жұмыс iстедi. Соңғы қызметі Халқаралық Түркістан газеті бас редакторының орынбасары. Бiржан әрiптесiмiзге жаңа қызметте де табысты еңбек етуiне тiлектеспiз!» — деп мәлімдеді Берік УӘЛИ өзінің фэйсбук парақшасында.

TURANINFO.KZ


Оқи отырыңыз

Пікір қалдыру

Пікір қалдыру
X