Рахия Тұрмаханбетова: «Облыс бойынша 345 мұғалім жетіспейді»

Тараз. 24.01.2017 жыл. Бүгін Тараз қаласында Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының басшысы Рахия Тұрмаханбетованың 2017 жылы атқарған жұмыстарымен 2018 жылға қойылған міндеттері туралы есебі тыңдалды. Есепке облыс әкімінің орынбасары Ерқанат Манжуов, Жамбыл облысындағы білім саласындағы бақылау департаментінің басшысы Дәмеш Үскімбаева, облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Еркінбек Солтыбаев, ардагер ұстаз Нүркен Қасымова, Тараз қаласы мен аудан әкімдерінің орынбасарлары, білім бөлімдерінің басшылары, білімге қатысты мүдделі мекемелер басшылар мен тұрғындар қатысты.
— «Білім саласы жұмысының ашықтығын қамтамасыз ету, жемқорлыққа жол бермеу мақсатында балабақшаның кезегі мен жолдама беруді тәртіпке келтіру жұмыстары жүргізілмек. Ол үшін Тараз қаласында балабақшаға жолдама беру және оқушыларды 1-сыныпқа қабылдау автоматтандырылады, оған облыстық бюджеттен 59,2 млн теңге қаржы бөлінді. Бұл ата-аналарға ең үздік мекемені таңдауға (мемлекеттік болсын, жекеменшік болсын) мүмкіншілік береді және мемлекеттік тапсырыс сол таңдалған мекемеге беріледі» — деп мәлімдеді Рахия Сейтбекқызы.
Сондай-ақ, облыс бойынша 345 мұғалім жетіспейді. Мәселен, облыс бойынша 348 зейнеткер мұғалім сабақ беріп жүрсе, соның 150-ге жуығы жаратылыстану-математикалық пәндерден сабақ беруде. Кадр тапшылығын шешу мақсатында биыл алғаш рет Тараз мемлекеттік педагогикалық университетінің базасында жоғары білімді мұғалімдерді даярлау үшін білім беру гранты қарастырылып отыр.

TURANINFO.KZ


Оқи отырыңыз

Пікір қалдыру

Пікір қалдыру
X