Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасы басшысының орынбасары Талғат Жамалов Тұрар Рысқұлов ауданында болған қылмыстық іске «күдікті» деп танылған кәмелет жасқа толмағандарға қатысты пікірін білдірді, деп хабарлайды «TURANINFO.KZ» ақпараттық агентігі.
— «Күдікті деп танылған балалар барлығы жергілікті жердің тұрғындары. 2018 жылдың 18 қаңтар күні, келеңсіз оқиға бойынша және кәмелетке толмағандар арасында қылмыстың алдын алу бағытында облыс әкімдігі білім басқармасы, облыстық Жергілікті полиция қызметінің Ювеналдық полиция және Т.Рысқұлов аудандық әкімдігінің бірлескен отырысы өтті. Қазақстан Республикасының «Еңбек кодексінің» 64 бабына сәйкес Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының Құлан ауылшаруашылығы колледжінің директоры Ж.Букироваға, №9 Меркі колледжі директорының міндетін атқарушы А.Тоқтаралиеваға, «Т.Рысқұлов» атындағы орта мектебінің директоры Г.Момбековаға өздеріне жүктелген міндеттерді жеткілікті деңгейде орындамағаны үшін «сөгіс» түріндегі тәртіптік жазалар берілді» — деп мәлімдеді Талғат Салқанұлы.
Еске түсіре кетейік, 2017 жылдың қаңтар айының 14-нен 15-не қараған түні Т.Рысқұлов ауданы Луговой станциясында орналасқан «ДИДО-3» жанармай бекетіне «қарақшылық жасады» деген күдікпен кәмелет жасқа толмағандар уақытша қамаққа алынып, аудандық ішкі істер бөлімімен тергеу амалдары жүргізуде.
TURANINFO.KZ