2017 жылдың «Жыл журналисі» кім болды?

ХХІ ғасырды ақпарат ғасыры деп атайды. Ақпараттық қоғамға көшу әлем елдерінен, сонымен бірге Қазақстаннан әлемнің тез өзгермелі жағдайында өзін өзі шыңдауға, өзін өзі дамытуға, барынша дұрыс және өнегелі-жауапты шешімдерді өзбетінше қабылдауға қабілетті азаматтардың болуын талап етеді. Осы айтылғандар шеңберінде журналистерді де қоспай кетуге болмас. Облыстың ақпарат саласының ілкімді істері ешкімнен кем емес. Оның астарында қаншама қалам ұстаған тілші қауымның маңдай тері жатыр. Әрі олардың еңбегін бөліп жаруға біздің де, ешкімнің де құқы жоқ. Дейтұрғанмен біз өңірдің ең үздік журналисін анықтап көруге тырыстық. Бұл тұғырға облыстық «Знамя труда» газеті ақпарат бөлімінің редакторы Айжан Әуелбекованы орналастырсақ ешкім қарсылық таныта қоймас, сірә. Оның себебін Айжан Ермекқызының биыл жылы екі рет қызметтік сатымен көтерілгенімен түсіндірсек жеткілікті. Нақтырақ айтқанда, тілшіден — шолушыға, жарты жылдан кейін бөлім редакторы қызметіне көтерілуі. Бастысы өзінің таза еңбегімен. Бұл тілшінің қос тілді тең меңгергендігі оның артықшылығы деп ұғуға болатындай-ақ. Бүгінде ол әлеуметтік желідегі белсенділігінің арқасында облысты былай қойғанда республика көлемндегі әріптестерімен бірлесіп жұмыс жасап жүр. Оның бірқатар еңбектерін атап өтетін болсақ, облыс əкімі Кəрім Көкрекбаевпен бірнеше іссапарда болып онлайн жəне оффлайн репортаждар жасауы. Мәселен, Алматы облысына қант қызылшасын өсіру бойынша, Астанада ЭКСПО-2017 аясында өткен Жамбыл облысы күндері, аймақтағы Егінжай-2017, Жансейіт Түймебаев бастаған Оңтүстік Қазақстан облысының делегациясының келуі, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Таразға келуі жəне т.б. осындай шаралар. Баспасөз саласында 13 жылдан астам уақыт еңбек етіп келе жатқан Айжан осы жылы облыс және Шу ауданы әкімдерінің Құрмет грамоталарымен марапатталып үлгерді. Бұл әрине марапаттардың басы ғана.
Оның еңбек жолына қысқаша тоқтала кетсек. Алғаш журналистикадағы шығармашылық жолын «Қордай шамшырағы» газетінде Құрманбек Əлімжанның қол астында бастаған. Өзіне Владимир Бочков деген журналистиканың ардагерін алғашқы ұстазы ретінде қабылдайды. Қордайда екі жыл қызмет атқарған соң «Шу өңірі» газетіне ауысып келген. Өзінің туған жерінде жүріп, шығармашылығы шыңдалған журналис тілшіден жауапты хатшыға дейін көтерілген. Ауданда табанды еңбек етіп жүргенін көрген «Знамя труда» газетінің бұрынғы редакторы Игорь Неволинның көзіне түсіп, облысқа ауысуға ұсыныс жасалыныпты. Дегенмен оның ұсынысын қабылдай қоймапты. Бірақ аталған газетке Бекет Момынқұл басшылыққа келген тұста осында жолы түскен. Сондықтан ол кісіні де ұстаз тұтады екен. Тіпті ол кісіне әкесіндей көреді.
– Бір сөзбен айтқанда, мен журналистиканы емес, журналистика мені таңдады. Оған еш өкінбеймін. Жұмысымды өте жақсы көремін. Газет — менің өмірім. Телевидениеде де көргем жұмыс жасап, бірақ мен үшін газет ерекше. Ертеңгісін газеттің əлі сиясы кеппеген типографиялық сиясы аңқып тұрған жаңа санын, оның бірінші беттегі өзіңнің мақалаңды оқығанға ештеңе жетпейді, – дейді ол бір сөзінде.
Осылайша қажырлы еңбегімен аймақтың баспасөзінің дамуына үлесін қосып жүрген Айжан Әуелбекованың биылғы жылдың «Үздік журналисі» ретінде танып отырмыз. Оған шығармашылық табыс тілей отырып, қаламының еш мұқалмауына тілейміз.

Фотода (солдан оңға қарай): Татьяна Борисенко, Алтынбек Қартабай, Айжан Әуелбекова.
TURANINFO.KZ


Оқи отырыңыз

2

комментария

  • Айдос
    25.12.2017 at 16:37

    Жарайсың Айжакенти! Тек алға!

  • Арайлым
    29.12.2017 at 09:57

    Дұрыс шешім Айжан апке құттықтаймын

Пікір қалдыру

Пікір қалдыру
X