Журналист Қуат Əуесбай жаңа қызметке тағайындалды
Белгілі журналист Қуат Əуесбай Жамбыл облыстық «Ақ жол» газетінің редакциясы» ЖШС директоры-бас редакторы болып тағайындалды.
Қызмет жолын «Ана тілі» газетінің тілшісі болып бастаған Қуат Әуесбай әр жылдары «Қазақстан-Заман» газеті тілшісі, «Айқын» республикалық газетінің Жамбыл облысы бойынша меншікті тілшісі, ҚР Жер ресурстарын басқару агенттігі МемжерҒӨО «Баспа және редакциялау» бөлімінің меңгерушісі – «Қазақстан жер ресурстары» журналының бас редакторы, «Ақ желкен» республикалық журналы бас редакторының орынбасары, «Халық сөзі» республикалық қоғамдық-саяси газетінің бас редакторы қызметтерін атқарды.
Кейінгі жылдары ҚР Парламенті Сенаты Төрағасының хатшылығында, Қазақстан Республикасы Ұлттық музейінің Жұртшылықпен байланыс бөлімінің меңгерушісі, Еуразиялық Топ ЖШС, Сыртқы корпоративтік коммуникациялар бөлімінің сарапшысы, «Astana News» ЖШС директоры, «Атырау-ақпарат» ЖШС директорының орынбасары қызметтерін атқарып келді.