Ауылына қарап азаматын таны
Қарашаның соңында, аудан әкімдігінде, аудандағы елді мекендерді абаттандыру, көгалдандыру және санитарлық тазалықты қамтамасыз ету бойынша күзгі екі айлық кезінде атқарылған жұмыстар туралы мәселе қаралып, онда аудан әкімдігініңтұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, көлігі және автомобиль бөлімінің басшысы Қайрат Арғымбаев баяндама жасады.
–Меркі ауданы әкімдігінің 2017 жылғы 17 тамыздағы «Аудандағы елді мекендерді абаттандыру, көгалдандыру және санитарлық тазалықты қамтамасыз ету бойынша күзгі екі айлық кезінде атқарылатын жұмыстардың іс-шарасын бекіту туралы» қаулысы шығып, арнайы іс-шарасы бекітілді.Тазалық айлығын өткізу туралы қабылданған қаулы бұқаралық ақпарат құралдары арқылы тұрғындардың назарына жеткізілді, – деді Қ.Арғымбаев өз баяндамасында. Одан әрі:
–Аудан бойынша қыркүйек-қазан айларында өткізілген сенбіліктерде 1430 дана тал-терек отырғызылды, 705м2 гүлзар, 124 шақырым арықтар мен каналдар, 312,9 шақырым көше тазартылды, 10500м2 саябақтар мен скверлер тазартылып, көріктендірілді, 170,3 тонна кездейсоқ күл-қоқыс, қоқыс (ТҚҚ) полигондарына шығарылды. Бүгінгі күнге дейін сенбіліктерге жалпы 4346 адам қатысты, – деді.
Биылғы жылы аудандық бюджеттен елді мекендерді абаттандыру, көгалдандыру және санитарлық тазалықты қамтамасыз етуге, ауылдық округтердің 011 бағдарламасынан, 41,4 млн. теңге қаржы қаралған. Бұл қаржыға Меркі ауылдық округінің орталық көшесінің түнгі жарықтандыру шамдарын қазіргі заман талабына сай энергия үнемдейтін шамдарға ауыстыру жұмыстарына арналған. Сол сияқты Жамбыл ауылдық округіне қарасты орталық көшенің түнгі жарықтандыру шамдарын бағанасымен қоса қазіргі заман талабына сай энергия үнемдейтін шамдарға ауыстыру жұмыстарына 12133,0 мың теңге бөлінген, қосымша Т.Абаев көшесінің бұрылысын абаттандыруға 6777,0 қарастырылған қазіргі таңда жұмыстарды жүргізу жалғасуда.
Кеңес ауылын айналып өтетін дренаж құрылысына 8585,0 мың теңге және Андас батыр ауылын айналып өтетін дренаж құрылысына 6779,0 мың теңге бөлініп, құрылыс жұмыстары толығымен аяқталды. Сонымен қатар, аудан аумағын абаттандыру мақсатында аудандық білім бөлімі ғимаратының алды «Білім – кеме» тақырыбында түнгі әсемдік шамдарымен жарықтандырылды. Дәл осындай жұмыстар жұмыспен қамту бөлімі ғимаратының алдында, аудан әкімдігінің алдында, аудандық статистика ғимаратының алдында және «Үміт» балалар мен жасөспірімдер сарайының алдында әсемдік шамдармен безендірумен жалғасын тапты. Орталық көшеге орнатылған түнгі жарықтандыру шамдары орталық алаңда ерекше көрінісімен көзге түсіп тұр.
Ауданда елді мекендерді абаттандыру, көгалдандыру және санитарлық тазалықты қамтамасыз ету бойынша күзгі екі айлық кезінде, яғни, қыркүйек-қазан айларында аудан аумағында әкімдіктің бөлімдерінің қатысуымен 9 мәрте сенбіліктер ұйымдастырылды. Аталған сенбіліктерде аудан әкімдігінің бөлімдері «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» автодәлізінің бойына 2 мәрте, Меркі шипажайына 2 мәрте, Жамбыл ауылындағы «Сыпатай батыр» ескерткішінің жанына және ауданға батыстан кіре берістегі жол айырмасына (развязка) 2 мәрте санитарлық жұмыстарды жүргізді. Сонымен қатар, орталықтағы №17 И.Трубицын атындағы орта мектеп-гимназиясының маңында орналасқан көпірдің жоғарғы бөлігіне, Ғ.Мұратбаев көшесінің кіре берісіне, Т.Бокин көшесінің кіре берісіне және Ш.Омаров көшесінің аяқ жағына санитарлық тазалық жұмыстары жүргізілді. Жоғарыда аталған жұмыстарға атсалысқан бөлімдердің арасынан ерекше үлес қосқан бөлімдер: аудан әкімінің аппараты, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі, сондай-ақ, ветеринария және жұмыспен қамту бөлімдері.
Ауылдық округтерде қоғамдық орындарда, округ аумағындағы республикалық, облыстық, аудандық, ауылішілік жолдардың бойына абаттандыру, тал-тарақтар отырғызу, көгалдандыру, санитарлық тазалық жұмыстары және талдарға, бағаналарға, аялдамаларға, қоршауларға әктеу-сырлау жұмыстары жүргізілді. Дегенмен, ауылдық округтерде санитарлық тазалық жұмыстары бойынша төмендегідей кемшіліктер анықталды.
Ақтоған ауылдық округін алатын болсақ, Ақтоған ауылының аумағы санитарлақ тазалыққа сай болғанымен, «Қазақ диқан» ауылына баратын жолдың бойына күл-қоқыс тасталғаны анықталды.
Жамбыл ауылдық округі бойынша орталық зираттың төменгі жағы және Жеміс-жидек ауылына кіре беріс тұсы күл-қоқыс тастайтын орынға айналған. Меркі ауылдық округіндегіТорғаев көшесінің аяғы, аудандық электр желісі ғимаратының оң жағы, Әскери бөлімшенің күн батыс жағы, т.б. сондай халде екен.
Сарымолдаев ауылдық округі бойынша Ахтамбердиев көшесінің аяқ жағы, яғни, асфальт зауытына кіре берісі күл-қоқыс тастайтын орынға айналып, сол сияқты Омархожаев көшесінің бойындағы емхананың артқы жағында қалдықтар тасталған.
Мұндай бірлі-жарым кемшіліктер Ойтал, Андас батыр, Жаңатоған, Кеңес, Аспара ауылдық округтерінде де орын алғандығы, олардың бәріне ескерту жасалғандығы мәлім болды.
Тәтті ауылдық округі бойынша Тәтті-Шу автожолының бойында бөтелке мен қағаз қалдықтары тасталған. Дегенмен, ауылдың санитарлық тазалығы қанағаттандыралық .
Акермен ауылдық округі бойыншада Аспара-Беларық автожолының бойында күл-қоқыс тастайтын орын анықталған. Т.Рысқұлов ауылдық округі бойынша ауылының аумағы санитарлақ тазалыққа сай болғанымен, С.Сейфулин көшесінің бойында орналасқан диірмен жанында, Ақарал ауыдық округі бойынша ауылдың бас жағы А.Асубай кошесі бойында бөтелке мен қағаз қалдықтары тасталған.
Тазалық жұмыстарында жиналған күл қоқыстарды арнайы ҚТҚ полигонына тиісті техникаларымен жеткізілді. Аудан бойынша тазалық жұмыстарымен «Жасыл Меркі» және «Таза Меркі» ЖШС-гі айналысады. Мамандандырылған мекемелердің барлығы 12 дана техникасы бар. («Жасыл Меркі» ЖШС 9 дана, «Таза Меркі» ЖШС 3 дана)
Ағымдағы жылға санитарлық тазалықты қамтамасыз етуге барлығы 300 қоғамдық жұмысшыны тарту жоспарланса, ауылдық округтерде 102 қоғамдық жұмысшы күзгі екі айлық кезінде жұмысқа тартылған.
Елді мекендер тұрғындарымен кездейсоқ күл қоқыстарды тастау, аумақты тазалықты сақтамау, экологияға зиян келтіру фактілері бойынша , «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» кодексіне сәйкес, 11 азаматқа айлық 740 хаттама толтырылған.
Аудан аумағында «Жасыл белдеу» аймағын құру мақсатында 3,0 млн теңге бөлінген. Конкурс амалдары жүргізіліп, нәтижесінде 1,7 млн теңгеге «Бидас» ЛТД ЖШС-гі жеңімпаз болып анықталды. Қазіргі таңда тал-тарақтарды отырғызу жұмыстары аяқталу үстінде.
Ә.Әлимансұр,
Меркі ауданы