«Тең-теңімен» қағидасымен салауатты өмір салтын насихаттау бойынша жастар мен жасөспірімдер арасында еріктілер қозғалысын дамыту» атты әлеуметтік жобаны жүзеге асыру мақсатында №50 мектепте «Шылым шегудің зияндары» тақырыбында семинар өтті.
Семинарға психолог маман Б.Тілеухан және «Жамбыл облысы Жастар мәслихаты» Жастар қоғамдық бірлестігінің төрағасы Т.Камал қатысты. Шарада Б.Тілеухан шылым шегуге көбінесе, жасөспірімдер шалдығады, алайда осы кезде ересектер арасында да есірткінің зиянын шегіп жүрген адамдар көбейіп бара жатқанын тілге тиек етіп, нашақор қаражатты ұрлықпен табуды көздейді, ал ұрлық жазасыз болмайтынын айтты. Ал өз кезегінде Т.Камал нашақор ата-анасы ауқатты жасөспірімдерді есірткіні әуестендіруге, соның арқасында өзінің «қамын» ойлауды мақсат ететінін сөз етіп, нашақордың жасөспірімдер тобына қосылуының себебін осымен түсіндірді. «Ол алдымен наша шегуді немесе ес ауыстыратын дәрі ішуді ұсынады, еліктегіш жастар дәм тата бастайды. Бара-бара жасөспірімдер нашақорға, есірткінің құлына айналады. Есірткіні түнгі клубтарда би алаңдарында, тіпті мектептерде де сатып алуға болады»–деді ол.
Бұрын жасөспірімдер анаша, марихуана шегіп, әр түрлі желімдер иіскейтін болса, қазір героин,какоин, синтетикалық есірткілерді қолданады. Ал синтетикалық есірткінің ерекшелігі сол, бір дәмін татқаннан кейін есі ауады да тұрады. Бір пайдалансаң жайын жай табады,керемет күйге түсесің деп алдайды. Аз уақытқа болса да ләззат алғанына мәз болам деп, нашақор сатына қосылғанын білмей қалады. Жастар кездесуге белсенді қатысып отырды және де жастар тарапынан сұрақтар қойылды. Сұрақтарға барынша толық жауап қайтарылып сұрақ қойушылар қайтарылған жауапқа толықтай қанағаттанды.