Жамбыл имамдары жылды қорытындылады

«Һибатулла Тарази» мешітінде Жамбыл облысының қала және аудан имамдарының 2017 жылғы есеп беру жиыны өтті.

Дін мамандары ҚМДБ бекіткен 4 бағыт негізінде атқарған жұмыстарының қорытынды нәтижесін көрсетті. Уағыз-насихат, теріс ағымдармен жұмыс, оқу-ағарту саласы және қайырымдылық бағытында жыл бойы жасалған жұмыстар бейнеролик арқылы мәжіліс қатысушыларына ұсынылып, баға берілді.

ҚМДБ-ның Жамбыл облысындағы өкілі, «Һибатулла Тарази» мешітінің бас имамы Данияр қажы Жұмабаев атқарылған жұмыстардың жетістіктерін тілге тиек етіп, сын-ескертулер жасады.

Жалпы жасалған жұмыстарға оң баға беріліп, ұсыныстар ортаға тасталды.

Ақерке БЕКҚҚҰЛОВА,

«Һибатулла Тарази» мешітінің баспасөз қызметі.


Оқи отырыңыз

Пікір қалдыру

Пікір қалдыру
X