Жаңа Заң қорғаушылардың өкілеттілігін кеңейтеді.
Қазіргі таңда Парламент Мәжілісінде Президент Н.Назарбаев енгізген «Құқық қорғау қызметінің процессуалды негіздерін жаңарту мәселесі бойынша Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар еңгізу туралы» заң жобасы талқылануда.
Заң жобасында қорғаушылардың жарыспалылығын көтеру мен өкілеттілігін кеңейтуге бағытталған айтарлықтай өзгерістер қарастырылған. Қылмыстық кодекстің негіз қалаушы қағидаларының бірі жарыспалылық қағидасы болып табылады. Ол өздерінің мүдделерін қорғау мен дәлелдемелерді бағалауды зерттеу кезінде жақтардың теңдігін қамтамасыз етуге бағытталған. Процессуалды міндеттерде тараптардың тең құқықтылығының болмауы сотқа дейін іс жүргізудің түрін айыптау бағытына жетелейді.
Жарыспалылық институтын дамыта келе, заң жобасы аясында қорғаушылардың өкілеттілігін кеңейту ұсынылады. Бұл құқық іске дәлелдеме ретінде, олармен жүргізілген сұраулар және тергеушілерді тергеу судьясы арқылы процессуалдық әрекеттерді жүргізуге мәжбүрлеу мүмкіндігін пайдалану қорғаушы жағы үшін қажет. Осылайша ақтайтын дәлелдерді жинақтау барысында туындайтын барлық кедергілер жойылады.
Жарыспалылықтың үдемелі элементі ретінде дәлелдермен алмасу да қажетті шара болып табылады. Ақтайтын және сонымен қатар айыптайтын жинақталған барлық құжаттар алмасуға жататын болады. Мұнымен қоса, тек қана өзге тарапқа берілген құжаттар ғана жіберіледі және сотта дәлелдеме ретінде қолданылу мүмкіндігі алмасудың негізгі қағидасын анықтайды.
Заң жобасы, сондай-ақ қорғаушы тарапқа күдіктінің мүддесін қорғау үшін аса маңызды айғақтарды сотқа дейін жасыру мүмкіндігін ұсынады.
Дәлелдерді бағалау мен зерттеу барысында, айыптау мен қорғау әдістерінде, іс бойынша шешім қабылдануында жақтардың тең құқықтығы қамтамасыз етіледі. Дәлелдермен алмасу олардың бұрмалануына жол берілмейді. Қорғаушыларға ақтаудың дұрыс жолын құруға, ал айыптаушыға дәлелдерді әділ бағалауға мүмкіндік беріледі. Сонымен қатар, тараптар бір бірінің дәлелдерін зерттейтіндігін ескерсек, жақтар осы кезеңде істің мәліметтеріне сәйкес фактілерді анықтап, оларды кейінірек талқыламайды.
Бұл іс барысының жеделділігі мен үнемділігін арттырады. Прокурор істің келешегін түсініп және кідірмей оны тоқтату, айыптау шарасының күшін жою немесе істі сотқа жолдау туралы шешімді тезірек қабылдайды. Сәйкесінше қорғалушының қорғаушыға төлейтін ақысы да қысқарады.
Ұсынылып отырған жарыспалылық институттары қылмыстық іс жүргізу бойынша күдіктілердің конституциялық құқықтарының қорғалуын қамтамасыз етуге бағытталған.
Жамбыл облыстық прокуратурасының Басқарма аға прокуроры, әділет кеңесшісі Б.Ақылбеков