Жамбыл облыстық соты және «Атамекен» кәсіпкерлер Палатасы ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойды
Бейнеконференцбайланыс арқылы Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотымен ұйымдастырылған Жамбыл облыстық сотында облыстық соттың азаматтық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы Жомарт Рүстембековтың, облыстық және экономикалық соттарының судьялары, «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының, кіші және орта бизнестің, прокуратура органдарының және адвокаттар алқасының, сондай-ақ БАҚ қатысуымен семинар өткізілді.
Республиканың облыстық соттарымен бейнеконференция арқылы байланысу барысында ҚР Жоғарғы Сотының судьясы Ұлбосын Сүлейменова корпоративті даулардың сотта шешілу тәжірибесі мәселелерін жарықтандырды.
Корпоративті даулардың баламалы шешілу тәсілдері туралы ҚР Жоғарғы Сотының судьясы Асан Ескендіров таратып айтты.
Бейнеконференциямен байланысудың соңында корпоративті даулардың сотта шешілу тәжірибесі мәселелерін талқылауды облыстық соттың семинарға қатысушылары жалғастырды.
«Корпоративтік даулардың түрлері. Азаматтық процестің жекелеген мәселелері: соттылық, ведомстволық бағыныштылық, сот шығындары» тақырыбында облыстық соттың судьясы Абай Есенбай баяндама жасап, корпоративтік даулардың пайда болуы мен дамуы бизнестің қауіпсіздігіне төнген тікелей қатер болып саналатындығын атап айтты. Даудың мұндай тәсілі істен арнайы ұнамсыз серіктесті ығыстырып шығару үшін жиі қолданылады. Жаңа редакциядағы Қазақстан Республикасының Азаматтық процестік кодексін әзірлеу кезіндегі негізгі міндеттері сот төрелігінің қолжетімділігі, рәсімдерді жеңілдету, ұйымдардың және азаматтардың құқықтары мен мүдделерін сот арқылы қорғаудың тиімділігі болып табылады.
Баяндамашы хаттамаларды/жалпы жиналыстардың шешімдерін және т. б. жарамсыз деп тану туралы талаптар сияқты жиі кездесетін корпоративтік дауларға егжей-тегжейлі тоқталып өтті.
Баяндамашы шаруа қожалықтары мүшелерінің қатысуымен даулар ондай болып табылмайтындығын, өйткені, шаруа қожалығы коммерциялық ұйымның — заңды тұлғасы болып табылмайды, ол шаруа қожалығының бірлескен меншігіндегі жалпы базасында бірлескен отбасылық кәсіпкерлік нысаны немесе (бірлескен қызмет туралы шарттар) жалпы үлестік меншік базасындағы жай серіктестік нысаны болып табылатындығын атап өтті.
Корпоративтік дауларды қарау тәжірибесі тақырыбын экономикалық соттың судьясы Елена Романенко жалғастырды, ол өз баяндамасында корпоративтік даулардың пайда болу себептері әрқилы және алуан түрлі екендігін, бірақ оның ең бастысы оның қатысушыларының экономикалық мүдделері болып табылатындығын, яғни, корпоративтік даулар ол экономикалық даулардың нақты түрлерінің бірі деп санауға болатындығын атап өтті.
Осыған байланысты, АІЖК 27-бабының 1-бөлігіне сәйкес, корпоративтік дауларды қарау, мамандандырылған ауданаралық экономикалық соттарының соттылықтарына жатқызылған.
Азаматтық істердің сотқа ведомстволық бағыныстылығы сот шешетін істер шеңберінен, өзге де соттан тыс органдарымен шешілетін құқықтық даулардың шеңберін ажыратуға мүмкіндік береді.
Бұдан әрі, облыстың өңірлік кәсіпкерлер палатасы директорының орынбасары Сыдықов К.С. корпоративтік дауларды шешудің жолдары, осы бағытта Палатамен жүргізілген және қабылданған шаралар туралы айтты.
«Бүгінгі күні бизнес-қоғамдастықтың Палатаға деген сенімі бар, өйткені Палатада бизнес былайша айтқанда соңғы сатыны көреді. Кәсіпкерліктің оппоненттері мемлекеттік органдар ғана емес, сондай-ақ үкіметтік емес ұйымдар мен кәсіпкерлердің өздері болып табылған кезде, проблемаларды шешуде Палатаның негізгі «қару-жарағы» Атамекен алаңында тараптар арасындағы келіссөздер өткізу және ұйымдастыру болып табылады. Одан бөлек, барлық меншік нысанында ұйымдар арасындағы дауларды қарау мақсатында «Атамекен» ҰКП жанында ҚР ҰКП Арбитражды орталығы құрылған. Ірі қалалар мен өнеркәсіптік орталықтардың өңірлік кәсіпкерлер палатасында, Атамекен Арбитражды орталығының қызметіне қолдау көрсететін өкілдері бар» — деп өз сөзінде Қ. Сыдықов атап өтті.
«Қазтрансгаз Аймақ» АҚ және «ХимУниверСалЛТД Плюс» ЖШС өкілдері Бастаубаева. З., Қ. Өмірәлиев өз сөздерінде облыс соттарында корпоративтік даулар бойынша сот талқылауларына қатысу тәжірибесімен бөлісті.
Семинар тақырыбын талқылау нәтижелері бойынша қатысушылар кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау және кәсіпкерлік қызметтің дамуына кедергі келтіретін әкімшілік кедергілерді жою және бизнес қызметінің тиімділігі үшін оңтайлы жағдайлар жасау саласындағы заңнаманы жетілдіру бойынша ұсыныстар мен ұсынымдар әзірледі.
Іс-шара соңында Жамбыл облыстық сотының және «Атамекен» ҰКП арасында ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойды.
Меморандумға қол қоюдың негізгі мақсаты – заң үстемдігі қағидаттарына негізделген, әділдік пен ашықтықты сақтау, кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау саласындағы жүйелі ынтымақтастық болып табылады.
Тараптар кәсіпкерлердің және шетелдік инвесторлардың құқықтары мен мүдделерін қорғауға бағытталған Елбасының тапсырмаларын сапалы іске асыруды тек бірлескен күш-жігермен ғана қамтамасыз етуге болатындығын атап айтты.
Қайнар: Жамбыл облыстық сотының баспасөз қызметі