Еліміздің бас архиві — Қазақстан Республикасы Президенті Архиві Жамбыл облысында «Ашық қоғамға — ашық архивтер» тақырыбында
ҚР Президенті архивінің күндерін орай семинарлар ұйымдастырды. Семинар барысында Қазақстан Республикасы Президенті Архивінің қызметкерлері өз жетістіктерімен және архив қорларын сақтау, мемлекеттік есепті ұсыну, ғылыми-анықтамалық аппарат кызметін және құжаттарды пайдалануды ұйымдастыру туралы жұмыс тәжірибелерімен бөлісті. Оған арнайы Президент Архивінің директоры Борис Жапаров бастаған бірқатар мамандар қатысты. Семинардың басы арнайы ұйымдастырылған тарихи құжаттар көрмесін тамашалаудан басталды. Іс-шараны Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының басшысы Дүйсенәлі Бықыбаев жүргізді. Іс-шара барысында Қазақстан Республикасы Президенті Архиві мен Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы арасында ынтымақтастық келісімге қол койылып, Президент Архивінде сақталған Жамбыл өңіріне қатысты тарихи құжаттардың көшірмелері табысталды.
Қазақстан Республикасы Президент архивінің авторлық жобалары — Ұлы Отан соғысы жылдарында Германияда тұтқында болған қазақстандық әскери тұтқындар туралы — «tutкуn.кz», 1930-1932 жылдардағы Ашаршылық құрбандары туралы – «аsһагsһуlук.кz»-тің деректі құжаттарды жинақтаудың тиімді әдістері жөнінде сұрақтар қаралып жобаларды Президент Архивінің қызметкерлері Айнаш Сейсенбаева мен Мұхаммед Жылгелдинов таныстырды. Семинардан кейін Президент архивінің ұжымы мен келген қонақтар Жамбыл облысы мен Тараз қаласының мемлекеттік архивтерінің жұмыстары көрсетілді. Бұл жерде Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы басшысының орынбасары Сара Мадиева облыстағы архив қызметімен таныстырса, жазушы-журналист Мақұлбек Рысдәулет ашаршылық жылдарындағы Жамбыл облысындағы деректер туралы баяндады.
TURANINFO.KZ