Жамбыл облысында «Жер-2017» республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығу басталды
Жамбыл облысында «Жамбыл облысындағы жойқын жер сілкінісі салдарынан туындаған төтенше жағдайларды жою кезіндегі іс-қимылдарға басқару органдарын және азаматтық қорғау мемлекеттік жүйесінің күштерін дайындау» тақырыбында «Жер-2017» республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығу басталды. Оқу-жаттығу Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің орынбасары Ю.В. Ильиннің басшылығымен өтуде.
Оқу-жаттығуға Ішкі істер министрлігінің бөлімшелері, орталық және жергілікті атқарушы органдар, авариялық-құтқару қызметтері мен құрамалары, Жамбыл облысының азаматтық қорғау қызметтері, Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің әскери бөлімдері қатысады.
Оқу-жаттығу төтенше қызметтердің жойқын жер сілкінісінің салдарын жоюға әзірлігін тексеру, ден қою жоспарын пысықтау, жұмыстарды басқару алгоритмі, халыққа жер сілкінісі кезіндегі іс-қимылдар қағидаларын үйрету мақсатында өткізіледі. Төтенше қызметтер іс-қимылдарының реттілігі және мемлекеттік органдардың жер сілкінісіне уақытылы ден қою және оның салдарын жедел жою бойынша өзара іс-қимылдары пысықталады.
Оқу-жаттығу екі кезеңде өтеді. Оқу-жаттығудың бірінші кезеңінде Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Сейсмология институтынан жойқын жер сілкінісінің қаупі туралы мәлімет алынды. Осы болжамның негізінде республикалық штаб халықты құлақтандыру туралы, жер сілкінісі салдарын жою бойынша жұмыс тәртібі және көлемі туралы, қойылған міндеттерді орындау үшін бөлінген күштердің саны және құрамы туралы шешім қабылдайды.
Екінші кезеңде ТЖК, орталық және жергілікті атқарушы органдардың жедел топтары бағдарлау және жағдайды бағалау жұмыстарын жүргізеді.
Жер сілкінісіне ден қою жоспары бойынша құтқару және басқа шұғыл жұмыстар жүргізілетін болады. Далалық республикалық жедел штаб және ТЖК мобильді байланыс торабы, облыстар, Астана және Алматы қалалары жылжымалы басқару пункттері орнатылады.
Оқу-жаттығу өткізу барысында құтқарушылар өрт ошақтарын сөндіреді, үйінділерді бөлшектейді. Кинологиялық есептер зардап шеккендерді іздейді, үйінділердің астынан құтқарады. Сонымен қатар газбен жабдықтау, электр беру және байланыс желілерін қалпына келтіру жұмыстары жүргізілетін болады.
«Жер-2017» РКШОЖ қорытындысы бойынша оқу-жаттығу толық талқыланады, оқу-жаттығу басшысы құтқару бөлімшелерінің жойқын жер сілкінісінің салдарын жою бойынша іс-қимылдарға әзірлігі бағаланады, төтенше қызметтер жұмысын одан әрі жетілдірудің басым бағыттары анықталады.
Қазақстан Республикасы
Ішкі істер министрлігі
Төтенше жағдайлар комитетінің
Баспасөз қызметі