Қылмыстық іс жүзінде куәгердің міндеті мен құқығы.
Қылмыстық қудалау органы ҚР ҚПК-де көзделген жағдайларда тергеу әрекетiн жүргiзу фактiсiн, оның барысы мен нәтижелерiн куәландыру үшiн тартқан адам куәгер болып табылады.
Өздерiнiң қатысуымен болып жатқан әрекеттердi толық және дұрыс қабылдауға қабiлеттi iске мүдделi емес және қылмыстық қудалау органдарынан тәуелсiз кәмелеттiк жасқа толған азаматтар ғана куәгер бола алады.
Тергеу әрекеттерiн жүргiзуге кемiнде екi куәгер қатысады.
Куәгердiң: тергеу әрекеттерiн жүргiзуге қатысуға; тергеу әрекетi жөнiнде хаттамаға енгiзілуге жататын мәлiмдемелер мен ескертулер жасауға; өзi қатысқан тергеу әрекетiнің хаттамасымен танысуға; қылмыстық қудалау органының әрекеттеріне шағым келтіруге; қылмыстық iс бойынша iс жүргiзу кезiнде өзi шеккен шығыстарға өтем алуға; қауіпсіздік шараларын қолдану туралы өтінішхатты мәлімдеуге құқығы бар.
Куәгер: қылмыстық қудалау органының шақыруы бойынша келуге; тергеу әрекетiн жүргiзуге қатысуға; тергеу әрекетiнiң хаттамасында осы әрекеттiң жүргiзiлу фактiсiн, оның барысы мен нәтижелерiн өзiнiң қолымен куәландыруға; анықтаушының, тергеушiнiң, прокурордың рұқсатынсыз сотқа дейінгі тергеп-тексеру материалдарын жария етпеуге; тергеу әрекеттерiн жүргiзу кезiнде тәртiп сақтауға мiндеттi.
Дәлелдi себептерсiз келуден немесе өзiнiң мiндеттерiн орындаудан бас тартқаны немесе жалтарғаны үшiн куәгерге ҚР ҚПК-де көзделген көзделген тәртіппен ақшалай өндіріп алу қолданылуы мүмкін.
Тараз қаласы №2 сотының сот приставы М. Касынбеков