Ұлттық ойындар ұлықталған күні

«Салт-дәстүрім-таусылмайтын байлығым».
Ағымдағы жылдың 3 қазан күні Шу ауданы әкімдігі ішкі саясат бөлімінің «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің ұйымдастыруымен ҚР-ның Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» атты мақаласын жүзеге асыру мақсатында «Салт-дәстүрім-таусылмайтын байлығым» атты облыстық ұлттық нақыштағы ойын түрлерінен жарыс өткізілді. Аталған жарыста аударыспақ, ат ерттеу, жаяу тартыс, арқан тарту, қыздар арасында бауырсақ пісіру және топ болып халық әнің орындау бойынша бақтарын сынады. Белбасар ауылындағы «Ақ жайлау» демалыс кешенінде өткен сайысқа Сарысу, Қордай, Байзақ, Шу, Жамбыл өңірлерінен (4 ұл 3 қыз) топтар қатысты. Ашылу салтанатында Шу ауданы әкімінің орынбасары Е.Аймамбетов сөз алып, Елбасының «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» атты мақаласын жастарға түсіндіріп өтіп, жарысқа қатысушыларға табыс тіледі.
Ұлттық нақыштағы ойын түрлерінен өткен жарыс қортындысында:
Ат ерттеу жарысы бойынша: 1 орын Толықбай Əнуарбекке (Шу), 2 орын Əнуарбеков Русланға (Байзақ), 3 орын Намазбай Аятқа (Жамбыл) бұйырды.
Арқан тарту /топтық ұлдар/: 1 орын Байзақ ауданы, 2 орын Жамбыл ауданы, 3 орын Шу ауданының командалары үздік атанды. Аударыспақтан: 1 орын Жамбыл ауданынан Намазбай Аят, 2 орын Қордайлық Абдыхаймов Сатыбалды, 3 орын Сәрсенов Алмаз есімді Байзақтық балуан иеленді.

Это слайд-шоу требует JavaScript.


Жаяу тартыс: қыздар арасында 1 орын А.Исрайылова (Қордай), 2 орын Д.Жумагулова (Шу), 3 орын А.Амирханова (Байзақ). Жаяу тартыс: ұлдар арасында 1 орын Ə.Құдайбергенов (Байзақ), 2 орын Ж.Қуандықов (Қордай), 3 орын Е.Бөгенбаев (Сарысу). Бауырсақ пісіру: 1,2,3 орынды Сарысу, Шу, Қордай ауданының қыздары иемденді. Халық əнін орындауда Шу, Сарысу, Жамбыл ауданының қатысушылары үздік үштіктен көрінді. Жарыстар қортындысында командалық І орынды «Шу ауданы», ІІ орынды «Байзақ», ІІІ орынды «Қордай ауданының» командалары ие болды.
Сондай-ақ аталған шарада қазылықта аудандық ат спорты федерациясының төрағасы Н.Сұлтанбаев, «Экотабиғат» ҚБ төрағасы Е.Жиенбеков, Мәдениет үйінің қызметкері Е.Қасымбек және «Болашақ жастар денсаулық» орталығының меңгерушісі Е.Оспанова болды. Салт-дәстүрді дәріптеу, ұлттық спортты жаңғыру мақсатында өткізілген шара өз деңгейінде өтіп, қатысушы командалар алғыстарын айтып тарқасты.

TURANINFO.KZ


Оқи отырыңыз

Пікір(1)

  • Рухани жаңғырушы
    05.10.2017 at 12:42

    Мықты!

Пікір қалдыру

Пікір қалдыру
X