Құқықтық мемлекеттегі гендерлік теңдік
ҚР Президентінің 2005 жылғы 29 қарашадағы №1677 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасында Гендерлік теңдік стратегиясы жарияланды. Бұл құжаттың қабылдану мақсаты Конституциямызда жария етілген ерлер мен әйелдердің тең құқықтары мен тең мүмкіндіктерін іске асыру және олардың қоғам өмірінің барлық саласында теңдей қатысуы үшін жағдай жасау болатын. Әйелдерге күш көрсету,тұрмыстық зорлық-зомбылық әрекеттері , ажырасу бойынша олардың құқығы қорғалуы қажет.
Гендерлік теңдік саясатының алға жылжуы үшін әйелдерге саяси, экономикалық және қоғамдық өмірге араласуы керек.
Әйел отбасы құндылықтарының мүддесін қорғайды. Күнделікті және байқалмайтын отбасы туралы қамқорлық, өз жанұясы үшін жан жайлылығын жасау, жайлы жағдай және амандық –бұлардың барлығы әрбір әйел үшін абзал міндет.
Гендерлік теңдікке қол жеткізу үшін елде қандай нақты шаралар атқарылуда деген мәселе көпшілікті ойландырады.Бұл үшін Қазақстан Республикасы Президентінің жанынан құрылған Отбасы істері және гендерлік саясат жөніндегі Ұлттық комиссия бар. Оның талай игі істерге мұрындық болып жүргені барлығымызға аян.
Сонымен қатар, Елбасының «Қазақстан-2050» стратегиясы : қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Жолдауында айтылғандай уақыт талабына сай әйелдерді мемлекеттік және қоғамдық басқару ісіне белсене араластырып , олардың бизнес ашып, кәсіпкерлікпен шұғылдануына мүмкіндік туғызу арқылы жаңа кезеңдегі қазақстандық әйел бейнесін қалыптастыруға болады.
Осы орайда гендерлік тепе-теңдік дегенді дұрыс түсіну керек.Яғни, қоғамдағы ерлердің орнын төмендетіп аламыз деген қорқыныш емес, әйел адамның да қоғамдағы рөлін арттыру –басты міндет.
Тараз қалалық № 2 соты кеңсесінің маманы Р. Есжанова