Өз бетіңше қызмет-ал!

Облыстық «Халыққа қызмет көрсету орталығы» департаменті «Электронды үкімет» порталы арқылы көрсетілетін мемлекеттік қызметтерді насихаттау мақсатында «Өз бетіңше қызмет-ал!» атты пиар-акциясын өткізді.
Шараның басты мақсаты – электронды анықтамаларды алу үшін жергілікті атқарушы органдары мен орталыққа жүгінбей-ақ, өз бетіңше қызмет ала алатындығын тұрғындар назарына жеткізу. ҚР Тұңғыш Президенті атындағы саябағында өткен шарадада қонақтармен сұрақ-жауаптар ойыны ұйымдастырылып, электронды сыйлықтар таратылды. Халықтың қаншалықты электронды анықтамаларды қолдана алатындығын білу мақсатында түрлі сауалдар қойылып, тұшымды жауаптар да алынды. Сондай-ақ, мультфильм кейіпкерлерінің кейпіне енген орталық мамандары бүлдіршіндерді қуанышқа бөлеп, тәтті мақталар таратса, қаланың жас өнерпаздары Сымбат Шахаева, «Мәдениет жігіттері» әуезді әннен шашу шашты. Сондай-ақ «Электронды үкімет» порталының нұсқаулықтары көрсетілген кітапшалар да көпшілікке үлестірілді.
–Жуырда «Халыққа қызмет көрсету орталығы» департаменті қызметкерлері «Электронды үкімет» порталының артықшылықтарын айшықтап, қала ішінде автокеруен ұйымдастырған болатын. Автокеруен орталық көшелермен жүріп отырып, оқу орындарын, сауда орталықтарын, аялдамаларды қамтыды. Халық арасында порталдың мүмкіндігі, оның ішінде тіркеуден қалай өту, үй жағдайында электрондық цифрлық қолтаңба көмегімен ғаламторға кіру арқылы мемлекеттік қызметтерді үйден шықпай-ақ алуға болатындығын туралы түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, кеңестер берілді. Мұндай іс-шаралар әлі де жалғасын табатын болады, – дейді департамент директорының орынбасары Венера Жаңабаева.

Это слайд-шоу требует JavaScript.


Толғанай АТАБАЙ


Оқи отырыңыз

Пікір қалдыру

Пікір қалдыру
X