«Ұлттар достығы өнерді дамытады» атты аудан тұрғындарымен кездесу
Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының Облыстық халық шығармашылығы орталығының тапсырысы бойынша «Еркін пікір» жастар қоғамдық бірлестігі «Тұрғындар арасында өзге ұлттардың көркемөнерін насихаттау» тақырыбындағы әлеуметтік маңызы бар жобасы шеңберінде ағымдағы жылдың 25 тамызы күні Меркі ауданының орталығы Меркі ауылында «Ұлттар достығы өнерді дамытады» атты аудан тұрғындарымен кездесу өткізілді. Кездесуге Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының және Облыстық халық шығармашылығы орталығының мамандары, «Еркін пікір» жастар қоғамдық бірлестігінің бесенділері, аудандық жастар ресурстық орталығының қызметкерлері, ауылдық округтердегі жастар ісі жөніндегі кеңесшілер, ауданда тұратын түрлі ұлт өкілдері, жастар қатысты. Кездесуге лектор ретінде Тараз қалалық «SANA» көшбасшылар мектебінің коучері Өмірбеков Данияр Маратұлы арнайы шақырылды. Іс-шара барысында Д.Өмірбеков кездесуге қатысушыларға әр ұлттың өзіндік ерекшелігі, ұлттық мәдениеті, өнері болатындығын атап өтіп, ұлттар арасында татулықты нығайтуға ұсынды. Д.Маратұлы кездесу қатысушыларының көкейлерінде жүрген сұрақтарына тұшымлды жауаптар қатты.
Іс-шара барысында кездесу қатысушыларына бірлестік тапынан арнайы дайындалған бүктеме қағаздары үйлетіріліп берілді. Сонымен қатар іс-шара қатсышыларына кері байланыс, салаунама парақтары таратылып, қатысушылардың кездесуге деген пікірлері мен ұсыныстары жинақталды.