Тараздағы «Шах» кафесі өртке оранды. Бұл туралы «TURANIONFO» ақпараттық агенттігі хабарлайды. «Шах» кафесі Тараз қаласының тұрғындары мен қонақтарының сүйікті баратын орны. Түскі және кешкі ас мерзімінде кезекке тұрып күтуге тура келетін мекеме еді. ъ
Қаза тапқандар мен зардап шеккендер туралы ақпарат әлі жоқ. Бұл туралы алдағы уақытта Жамбыл облысы төтенше жағдайлар департаменті хабарлайтын болады.