2017 жылдың 7-11 тамыз аралығында «Ашық білім басқармасы» атты акция ұйымдастырылды. Акция барысында әр сала бойынша мамандар 415 азаматтың көкейде жүрген жеке сұрақтарына жауап берді. Жалпы акцияға 2370 адам қатысты.
Акцияның қорытындысы бойынша білім сапасын және тәрбие жұмыстарының деңгейін ілгерілету мақсатында жалпы білім беретін мектеп директорлары 2017-2018 оқу жылынан бастап аттестациядан өтетіні белгілі болды.
«Апатты және 3 ауысымды мектептердің материалдық-техникалық базасын жақсарту мақсатында 2017-2018 оқу жылында Жамбыл облысында 5 мектептің құрылысы аяқталып, пайдалануға беріледі» деп мәлімдеді облыс әкімдігі білім басқармасының басшысы Рахия Тұрмаxанбетова.
TURANINFO.KZ