Жамбыл ауданы әкімдігінің ішкі саясат бөлімінің әлеуметтік маңызы бар жобасы шеңберінде Жамбыл облыстық пікірсайыс одағы «Еркін пікір» жастар қоғамдық бірлестігінің ұйымдастырымен өткізілген конференция отырысына ауылдық округ әкімдері, бөлім басшылары, мешіт имамадары, жастар ісі жөніндегі кеңесшілер, баспасөз құралдарының өкілдері қатысты.. Конференцияны Жамбыл ауданы әкімінің орынбасары Ү.Найманова жүргізді. Конференция отырсында екі мәселе қаралды Бірінші Жамбыл ауданында дін саласына желілік кестеге сәйкес 7 айдың қорытындысы бойынша атқарылған жұмыстардың есебі, баяндамашы Жамбыл ауданы әкімдігі ішкі саясат бөлімінің бас маманының міндетін атқарушы Б.Құтжан, екінші Жамбыл ауданы әкімдігі ішкі саясат бөлімінің әлеуметтік жобасы бойынша атқарылған жұмыстары туралы есебі, баяндамашы «Еркін пікір» жастар қоғамдық бірлестігінің төрағасы А.Олжабаев. Конференция отырысында бірлескен жоспарға сәйкес жоба аясында өткізілген «Дін және тарих», «Қоғам және дін», «Жастар арасында діни экстремизм мен діни ағымдардың қоғамға келтіретін зардаптары», тақырыптарында Жамбыл ауданына қарасты 14 ауылдық округте кездесулер, дөңгелек үстелдер мен семинарлар ұйымдастырды. Полатқосшы, Қарой, Аса, Өрнек, Айшабибі, Қаратөбе, Жамбыл, Көлқайнар, Пионер, Гродеково, Қызылқайнар, Ақбұлым, Ақбастау, Қаракемер ауылдық округтерінде ұйымдастырылған іс-шараларға жастар, студенттер, мектеп және колледж мұғалімдерімен оқытушылары, мемлекеттік қызметкерлер, имамдар, ауылдық ардагерлер кеңесінің мүшелері, медицина қызметкерлі және басқа да ауыл тұрғындары қатысты. Жоба аясында өткізілген 14 іс-шараға 500 ден аса адам тартылды. Кездесулерге облыстық дінтанушы-теолог Аманбаев Ержан және Тілманбетов Таңат арнайы шақырылып аудан тұрғындарының діни сауаттылығын арттырып, дәстүрлі емес діни ұйымдардың жетегінде кетпеу жолдарын атап көрсетіп өтті.
Жоба аясында жасалған жұмыстарға конференцияға қатысушы аудан активі және аудан әкімінің орынбасары Үміткен Қапанқызы Найманова жоғары баға беріп, бірлестіктің жұмыстарына табыстар тіледі.