6400 теңге үшін 4 жылға сотталды

Тараз қаласы № 2 сотында судья А.Е.Ділдабаевтың төрағалық етуімен ҚР ҚК-нің 191-бабының 2-бөлігінің 1-тармағымен / тонау/ айыпталып сотқа берілген Ж-ға қатысты қылмыстық ісі қаралды.
Сотталушы Ж. 05.04.2017 жылы сағат 10 шамасында бөтеннің мүлкін, жәбірленушінің денсаулығына қауіпті емес күш қолдану арқылы, ашық түрде жымқыру мақсатында, өзінің уақытша жалға тұрып жатқан Тараз қаласы, 2-ші Қарасу көшесі мекен-жайында орналасқан үйінде жәбірленуші К-ге болмашы себептермен тиісіп, ұрып соғып, яғни жәбірленушінің денсаулығына қауіпті емес күш қолданып, құжаттарын беруін талап еткен. Жәбірленуші К. өзінің құжаттары салынған әмиянын берген кезде, сотталушы Ж. жәбірленушінің әмиянының ішіндегі жеке куәлігін, банкоматтық картасын және 4000 теңгесін ашық түрде жымқырып, әмиянын қайтарып берген. Одан ары, сотталушы Ж. өзінің қылмыстық ойын жалғастырып, жәбірленушінің ұялы телефонын беруін талап етіп, оның құны 2000 теңге тұратын «Самсунг» маркалы ұялы телефонын, ішіндегі әрқайсысы 200 теңге, жалпы 400 теңге тұратын 2 дана «Теле-2» абоненттік нөмірімен бірге ашық жымқырған.
Тараз қаласы № 2 сотының 20.07.2017 жылғы үкімімен қылмыстық теріс қылық жасағаны үшін Ж. ҚРҚК-нің 191-бабының 2-бөлігі 1-тармағымен кінәлі деп танылылып оған, оның меншігіндегі, қылмыстық жолмен табылған не қылмыстық жолмен табылған қаражатқа сатып алынған мүлкі тәркіленіп, 4 (төрт) жыл мерзімге бас бостандығынан шектеу жазасы тағайындалып, оған нақ сол мерзімге пробациялық бақылау белгіленген.

TURAMINFO.KZ


Оқи отырыңыз

5

комментариев

  • Leyla
    09.08.2017 at 11:41

    Никто не имеет право отбирать у другого человека имущественные ценности. Справедливое решение, думаю послужит примером для остальных и для осуждённого!

  • SportMen
    09.08.2017 at 11:53

    Заң талаптарына сай,Қылмыстың өтеуі жаза болмақ.Əділ үкім шығарған

  • Айман
    09.08.2017 at 12:22

    Дурыс жаза берилген, урлык туби корлык деген осы

  • Айман
    09.08.2017 at 12:46

    Урлык жасаган адам жазалануы керек. Ботеннин мулкин урлауга ешкимнин кукы жок.

  • Райхан Ратова
    09.08.2017 at 12:53

    Қылмысына қарай жазасы, басқаларға үлгі болса игі

Пікір қалдыру

Пікір қалдыру
X