«Әлем таныған Астана» атты дөңгелек үстел отырыс өтті
2017 жылдың 4 шілдесінде Жамбыл облысы әкімдігі ішкі саясат басқармасының ұйымдастыруымен Жамбыл политехникалық колледжінде «Әлем таныған Астана» атты дөңгелек үстел отырысы өткізілді. Шараға мемлекеттік органдардың қызметкерлері, қоғам қайраткерлері, қоғамдық пікір көшбасшылары, ұстаздар, үкіметтік емес ұйымдар мен БАҚ өкілдері қатысты.
Елорданың туған күніне арналған шарада ішкі саясат басқармасы жанындағы мобильдік топтың мүшесі Қалбибі Жолдасова, облыстық ардагерлер кеңесінің мүшесі Канал Берденов қаланың тарихы туралы ақпарат беріп, Мемлекет басшысының зор еңбегі мен сындарлы саясатының жемісі жайлы әңгіме қозғаса, облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшесі Ғайни Көшербаева, Туристік ақпараттық орталығы басшысының орынбасары Жандос Бекболатов, бұқаралық ақпарат құралдарының қызметкерлері қауымдастығының үйлестірушісі Жанна Мамашева бас қаланы бүгінде әлем танығанын, өтіп жатқан “ЕХРО-2017” халықаралық көрмесі сөзіміздің айқын дәлелі екенін атап өтті.
Шара соңында қатысушылар жарыссөзге шығып, бас қалаға деген жылы лебіздерін білдірді.
Шынболат Сейдуалиев