Тараз қаласының білім бөлімінің жаңа басшысы тағайындалды

2017 жылғы 17 сәуірдегі Тараз қаласы әкімінің №111-ө өкімімен Тараз қаласы әкімдігінің білім бөлімінің басшысы лауазымына Жинақбаева Мүбарак Қасымқызы тағайындалды.
Жинақбаева Мубарак Қасымқызы 1965 жылы 7 сәуірде Шу қаласында дүниеге келген. Ұлты – қазақ,білімі – жоғары.
Жамбыл педагогикалық институтын 1993 жылы «қазақ мектептеріндегі орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі» және М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетін 2016 жылы «қызмет көрсету саласының бакалавры» мамандықтары бойынша бітірген.
1987-1994 жылдары Шу қаласында №24 ОКТУ комсомал комитетінің хатшысы, мұғалімі;
1994-1996 жылдары Шу қаласының әкімдігінің аппаратында І дәрежелі маманы;
1996-1999 жылдары Шу қаласы әкімі аппаратының әлеуметтік сала және ішкі саясат бөлімінің бас маманы;
1999-2002 жылдары Шу қалалық аумағы әкімі аппаратының бөлім меңгерушісі;
2002-2005 жылдары Шу қаласында Ы,Алтынсарин атындағы орта мектептің директоры;
2005-2008 жылдары Шу қаласында Төле би атындағы орта мектептің директоры;
2008-2008 жылдары Тараз қаласы әкімі аппаратының инспекторы, кеңесшісі;
2008-2014 жылдары Тараз қаласы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің бастығы;
2014 жылдан бүгінгі күнге дейін Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы басшысының орынбасары қызметтерін абыроймен атқарған.


Оқи отырыңыз

Пікір қалдыру

Пікір қалдыру
X