Жуалы аудандық соты, азамат Б.-қа қатысты, ҚР ҚК-нің 188 бабы 2 бөлігі 2,3 тармақтары (бiрнеше рет, тұрғын үй-жайға заңсыз кiрумен жасалған ұрлық) бойынша қылмыстық істі қарады.
Іс материалдары бойынша, 14.01.2017 жылы түнгі сағат 02:00 шамасында, сотталушы Б.-аш, Жуалы ауданы, Қосбөлтек ауылында бір үйдің қорасына заңсыз кіріп, бұзауды жасырын ұрлап кетіп, жәбірленуші Т.-ға жалпы құны 40 000 тенге материалдық шығын келтірген.
Сотталушы Б.-аш өзінің қасақана қылмыстық іс-әрекетін жалғастыру мақсатында, 31.01.2017 жылы түнгі сағат 23:00 шамасында Б.Момышұлы ауылында, бір үйдің ауласында орналасқан қораға заңсыз кіріп, 2 жасар 1 бас байталды жетектеп шығып, оқиға орнынан бой тасалаған. Нәтижесінде жәбірленуші С.-ға жалпы құны 300 000 теңге материалдық шығын келтірілген.
Сотқа дейінгі іс жүргізу барысында, сотталушы Б.-аш кінәні мойындау туралы мәміле нысанында процестік келісім жасауға ерікті түрде ниет білдіріп, прокуратурамен процестік келісім жасалды.
Сот мәжілісінде, сотталушы Б.-аш өзінің кінәсін толық мойындап, аталған іс әрекетіне өкінетіндігін айтты.
Сот үкімімен, сотталушы Б.-аш, ҚР ҚК-нің 188-бабы 2 бөлігі 2,3 тармақтарымен кінәлі деп танылып, 2 жыл 6 айға бас бостандығынан шектеу жазасы тағайындалды.
Пробациялық бақылау белгіленді.
Үкім заңды күшіне енген жоқ.
Жуалы аудандық сотының баспасөз қызметі