28-і Универсиада алауы 28 қаңтар күні Таразда

Баршамызға белгілі, cанаулы күндерден соң Алматы шаһарында Дүниежүзілік қысқы Универсиада өз жалауын желбіретеді.
Қаңтардың 25-і мен 29-ы аралығында еліміздің барлық аймақтарында 28-ші Бүкіләлемдік қысқы Универсиаданың Алау Эстафетасы өтеді.
Аталған шара қаңтардың 28-і күні салтанатты түрде Эстафета Алауы Тараз қаласынан өтетін болады. Облыста арнайы іріктеліп алынған 60 алаугер қаланың көрікті жерлерімен жүгіріп 12 шақырымды бағындырмақ. Облыста Алматы қаласында өтетін 2017 жылғы 28-ші Бүкіләлемдік қысқы Универсиаданың Алау эстафетасын Тараз қаласында өткізу бағыты арнайы бекітілді.
Атап айтқанда, «Көне Тараз» тарихи-мәдени орталығынан бастау алатын Универсиада Алауы «Тараз-Арена» спорт сарайында өз мәресіне жететін болады.
Универсиада Алауын 2 кезеңнен тұратын бағыт бойынша «Қазақстан Барысы» турнирінің үш дүркін чемпионы – Б.Ыстыбаев, Лондон олимпиадасына қатысушы, Халықаралық дәрежедегі спорт шебері – Ғ.Жайлауов, «Астана-Арланс» кәсіпқой командасының капитаны – О.Сәттібаев, еркін күрестен Лондон Олимпиадасының қола жүлдегері – А.Таңатаров және Жамбыл облысы «Жастар мәслихатының» жас депутаты – Д.Бәйдібек сынды еліміздің спорт саласы мен қоғамдық жұмыстарға ат салысқан азаматтар алып өтетін болады.


Оқи отырыңыз

2

комментария

  • UNIVERSIYADA
    22.01.2017 at 17:33

    Өте керемет

  • Andrey
    24.05.2017 at 20:12

    25 ?а?тарда елордада 28 -ші Б?кіл?лемдік ?ыс?ы Универсиада алауы жа?ылады. Б?гін ?Р ?кіметіні? селекторлы? режімдегі отырысында елімізді? А?парат ж?не коммуникациялар министрі Д?урен Абаев осылай деді.

Пікір қалдыру

Пікір қалдыру
X