Тараз қаласы сотының судьясы тағайындалды

Күні кеше Жамбыл облыстық азаматтық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы Ж.Рүстембеков әріптестеріне Тараз қаласының жаңа судьясы Е.Смайловты таныстырды.
Қазақстан Республикасы Президентінің 2016 жылғы 30 желтоқсандағы №399 Жарлығымен Смайлов Ернұр Асқарұлы Тараз қалалық сотының судьясы болып тағайындалды.
Жамбыл облыстық азаматтық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы Ж.Рүстембеков қалалық соттың жаңадан тағайындалған судьясына алдағы уақытта атқаратын жұмысына сәттілік тілеп, халықтың артып отырған сеніміне селкеу түсірмей, Мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаевтың өзіне жүктеген жауапкершілігін абыроймен алып шығатынына сенімділікпен қарайтындығын жеткізді. Сондай-ақ сот төрағасы А.Ибраев Е.Смайловтың әділ сот төрелігін жүргізетіндігіне үміт артып, жаңа қызметімен құттықтады.
ФОТО: Облыстық соттың сайтына алынды


Оқи отырыңыз

Пікір қалдыру

Пікір қалдыру
X