Базардағы өрт туралы

«2017 жылдың 7 қаңтарында сағат таңғы 04.36-да Тараз қ. ІІБ Жедел басқару орталығының «102» тетігіне «Мыңбұлақ» сауда орталығындағы өрт туралы хабарлама түсті.

Аталған дерек Тараз қ. Ішкі істер басқармасына ҚР ҚК-нің 202-бабының 3-бөлімі 3-тармағымен (аса ірі залалға әкеп соққан бөтеннің мүлкін қасақана жою немесе бүлдіру) тіркелді.

Сотқа дейінгі тергеу жүргізу барысында, сағат 03.47 шамасында белгісіз тұлғалардың «Мыңбұлақ» сауда орталығындағы бөтеннің мүлкін қасақана өртеу арқылы бүлдіріп, жойғаны анықталды.

Сауда орталығының сыртқы бақылау бейнежазбасын көру кезінде сағат 03.47-де екі белгісіз тұлғаның павильон терезесін таспен сындырып, ішке жанғыш зат лақтырғаны белгілі болды.

Күдіктілер – шамамен 20-25 жастағы азиялық ұлт өкілдері.

Сауда орталығының директоры өз түсінігінде өрт кезінде үйде болғанын және бұл оқиға бойынша ешкімнен күдіктенбейтінін, сондай-ақ басқа базарлар мен сауда орталықтарының иелерімен қандай да бір жанжалды жағдайлар болмағанын көрсетті.

Оқиға орнын қарау барысында полиция қызметкерлері сауда орталығында өрт сөндіруге арналған құрылғылардың болмағанын анықтады.

Сауда орталығындағы өрт салдарынан жәбірленушілердің шығыны алдын-ала болжам бойынша шамамен 58 000 000 теңгені құрайды.

Осы қылмыстық істі ашу бойынша Тараз қ. ІІБ қызметкерлері қатарынан жедел-тергеу тобы құрылды, сондай-ақ өрт-техникалық сараптамасы тағайындалды.

Қазіргі уақытта осы дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде».

Жамбыл облысы ІІД Баспасөз қызметі


Оқи отырыңыз

Пікір қалдыру

Пікір қалдыру
X