ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫНДА 255 МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТКЕРДІҢ ОРНЫ БОС ТҰР

Жамбыл облысы әкімдігі ішкі саясат басқармасы «Өңірлік коммуникациялар қызметінің» алаңында Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаментінің Мемлекеттік қызмет саласындағы бақылау басқармасының басшысы Ержан Жұмабеков, Мемлекеттік қызмет басқармасының басшысы Ермек Тұмабеков, ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару Академиясының Жамбыл облысы бойынша филиалының директоры Сабыр Түменбаевтың қатысуымен баспасөз конференциясы өтті. Спикерлер Жамбыл облысының кадрлық жай-күйі туралы баяндап, журналистердің сұрақтарына жауап берді.

2019 жылдың 1 қаңтарына Жамбыл облысында 463 Мемлекеттік орган жұмыс істейді (340 ЖАО, 110 ОМО, 13 мәслихат және ревком).

Мемлекеттік қызметшілердің штат саны — 5080 бірлік (ЖАО-2248, ОМО -2232), оның ішінде — 7,  корпус «А» — 11, корпус «Б» — 5062 (ЖАО -2830,
ОМО -2232).

Нақты саны 4806 қызметші (ЖАО -2696, ОМО -2110) немесе  94,6% құрайды, бос лауазымдар үлесі – 274 немесе 5,4%.

Мемлекеттік қызметішлердің орташа жасы – 39,9  жас.

Мемлекеттік қызметшілердің орташа мемлекеттік қызмет өтілі – 10,7 жыл.

Нақты лауазымдағы орташа қызмет өтілі – 4,9 жыл.

ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару Академиясын бітіргендер-16 (ЖАО-9, ОМО-7).

«Болашақ» бағдарламасының түлектері- 3 (ЖАО).

Таза  ауысымдылық  255 қызметшіні (жао-138, омо-117) немесе 5% құрайды.

Мемлекеттік қызметшілермен жұмыстағы сұхбат 100% құрайды.   

Өткен кезеңде мемлекеттік органдарда үміткерлердің қатысуымен өткен  конкурстарға байқаушылардың қатысуы 100 % қамтамасыз етілді.

Ішкі конкурстар негізінде жоғары тұрған лауазымдарға тағайындау үлесі 326 (ЖАО-209 , ОМО-117).

1 орынға конкурсқа қатысушылар саны — 2 (оның ішінде ішкі конкурс – 1,35, жалпы конкурс – 2,5).

Есепті кезеңде 505 (ЖАО-325, ОМО-180) мемлдекеттік қызметшіге сынақ мерзімі тағайындалса, олардың 130 (ЖАО-87, ОМО-43) сынақ мерзімі аяқталмаған.  

Есепті кезеңнің ішінде жалпы 1342 (жао-920, омо-422) мемлекеттік қызметшіні оқыту жоспарланған, олардың 100% оқытылған.  Соның ішінде, қайта даярлау курстарынан 516 (ЖАО-427, ОМО-89) қызметші, біліктілігін арттыру курстарынан 826 (ЖАО-493, ОМО-333) қызметші өткен.

2018 жылдың 12 айында тестілеуден өтуге барлығы 6042 азамат өтініш білдірген.Өтініш білдірген азаматтардың ішінен 2520 адам немесе 41,7% тестілеудің шекті мәнінен өткен.

Олардың ішінде 3609 азамат әкімшілік мемлекеттік қызметке тест тапсырып, 1433 адам немесе  39,7% тестілеудің шекті мәнінен өткен.

Сонымен қатар, 2433 азамат құқық қорғау қызметіне тестілеуден өтуге ниет білдіріп, олардың ішінде 1087 адам немесе 44,7% тестілеудің шекті мәнінен өткен.


Оқи отырыңыз

Пікір қалдыру

Пікір қалдыру
X