Жамбыл медициналық колледжінде «Адалдық дүкені» ашылды

Қазақстан Республикасының Президенті 2019 жылды «Жастар жылы» деп жариялап, жастардың бойында әділдік және адалдық құндылықтарын тәрбиелеу қажеттігін атап өткен.

Осы орайда, ағымдағы жылдың 12 ақпанында «Жамбыл – адалдық алаңы» атты жобасын іске асыру аясында Жамбыл медициналық колледжінде «Integrity Shop» сатушысыз дүкені ашылды.
Жобаның тұжырымдамасы келесідей: студент өзіне қажетті сомаға тауар жинап, кассалық аппараттарды алмастыратын арнайы қорапқа алған заттың бағасына сәйкес ақшасын қалдырады. Аталған механизм скандинавия елдерінде бірнеше жылдар бойы сәтті жүзеге асырылуда.
Дүкеннің ашылуына қатысқан ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаментінің басшысы Равиль Тюлебаев, осындай механизмдерді енгізу – жастарда оңтайлы моральдық қасиеттерді нығайтуға, сонымен қатар ішкі парасаттылыққа және адалдыққа тәрбиелеуге мүмкіндік беретінгін айтты.
Сонымен қатар, департамент басшысы Жамбыл медициналық колледжінде жастар жылы қарсанында Co-working орталығының және жаттығу залының ашылу салтанатына қатысты.


Оқи отырыңыз

Пікір қалдыру

Пікір қалдыру
X