Бүгін Астана қаласында Қоғамдық кеңестердің ІІ Республикалық мәжілісі бастау алды. Мәжіліске барлық облыстардан, Астана, Алматы, Шымкент қалаларынан және министрліктердің Қоғамдық кеңестердің төрағалары, хатшылары және мүшелері қатысуда. ЕҚЫҰ өкілі Дьерд Сабо, ПРООН өкілі Виталий Времиш, ҚР Қоғамдық даму министрі Дархан Қалетаев, Азаматтық Альянсының президенті Асылбек Қожахметов сөз сөйлейді.
Азаматтық форум аясында ҚК жұмысын мен қатысушыларды сайлау жүйесін жетілдіру бойынша ұсыныстар әзірленді. Сіздерге көп талқыланған ұсыныстарды атап өткіміз келеді.
— ҚК қалыптастыруда елдегі азаматтық қоғамның барлық спектрін көрсететуі тиіс механизмдерін жетілдіру;
— ҚК қалыптастыру барысында үміткерлерге аумақтарды дамытудағы басым мәселелері мен оларды шешу тәсілдеріне қатысты өз көзқарасын білдіруді енгізу ұсынылды;
— әр кандидатура бойынша рейтингілік дауыс беруді өткізу;
— ҚК мүшелерін алмастыру механизміне жеке сапалық көрсеткіштерді енгізу;
— ҚК қызметін әдістемелік қолдау мен кәсібилік деңгейін арттыру механизмін құру;
— ҚК мен жергілікті дейгейдегі маслихаттардың құзыретін нақты айыру, өз кезегінде жеке қосарланушылықты алып тастау;
— ұсыныстарды әзірлеу мақсатында ҚК жұмылдыратын сарапшылардың мәртебесі мен өкілеттігін анықтау;
— мемлекеттік органдармен және халықпне бірге нақты әлеуметтік маңызы бар мәселелерді шешу бойынша табысты практика кейстерін тарату;
— ҚК қызметтерін бағалау мен бақылауды жүзеге асыру.
Опубликовано Қазақстанның Азаматтық Альянсы Четверг, 7 февраля 2019 г.
Turaninfo.kz